Басы » Акимат » Мәдениет » «Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді
«Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді
Автор: Акимат
16-08-2018 11:31
«Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жастарға экологиялық тәрбие беру мақсатында кітапхананың тұрақты оқырмандарымен «Радиация. Экология. Денсаулық» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. 
Кітапханашы кітап көрмесін аша отыра, 29 тамыз - еліміздің тарихындағы ерекше символдық даталы күн екенін атап өтті. Оның тек 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні ғана емес, сондай-ақ, 1949 жылдың 29 тамызында болған бірінші ядролық жарылыс күні екенін де, тілге тиек етті. 42 жыл бойы жүргізілген ядролық сынақтың қоршаған ортаға айтарлықтай шығын, экологиялық залал келтіргені, халықтың ядролық сәулеленуге ұшырағанын екжей-текжейлі баяндады. Уақыт өте келе оның адам денсаулығына тигізген ұшан-теңіз зияны, жергілікті тұрғындар арасындағы генетикалық бұзылыстардың  адамдарды мезгілсіз өлімге алып келгенін атап өтті.
Бұдан әрі бүкіл әлем бойынша сынақ құрбандарын біріктірген Невада - Семей антиядролық қозғалысы және ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында ғана Семей жерінде полигонның жабылғанын кең көлемде әңгімеледі. Сондай-ақ, қатысушыларды Түйемойнақ аралындағы ядролық сынақ алаңы құрбандарына арнап тұрғызылған «Өлімнен де күшті» мемориалы туралы хабардар етті.
Шараның соңында қатысушылардың назарына, тақырыпты терең айшықтаған, Н. Ә. Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі», О. Сүлейменовтың еңбектері, К. Бозтаевтың «Семей полигоны», Дәулет Сейсенұлының «Семей елі, жері», Мүтен Аймақовтың «Көргендерім», «Ақ жол, асулар» атты еңбектері орын алған ауқымды кітап көрмесі ұсынылды.
 
Қалалық орталық кітапхана