Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасы
«Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасы
Автор: Акимат
04-09-2018 14:42
«Денсаулық фестивалі»  ұлттық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтаудың даму «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының өңірлерінде 2018 жылы 9 кыркүйекте «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасы өткізіледі.
Статистикалық мәліметтер бойынша әлемде 70% өлім созылмалы инфекциялық емес ауруларға байланысты болып келеді – бұл жылына шамамен 40 млн өлім.  Инфекциялық аурулар, біздің елімізде, барлық аурулардың жалпы санының тек 2% құрайды. Әлемнің көптеген елдеріндегідей назарды созылмалы ауруларды емдеуден олардың алдын алуға, қоғамдық денсаулықты сақтауға бағыттау қажет екендігі белгілі. 
ДДСҰ денсаулықты – аурулар мен ағза ақаулардың жоқтығы деп қана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік аман-есендік деп анықтайды. 
Физикалық инерттілік (жеткіліксіз дене белсенділігі) маңыздылығы бойынша жаһандық өлімнің төртінші қауіп факторы болып табылады (әлемдегі 6% өлім). Одан басқа, бағалау бойынша, физикалық инерттілік сүт безі мен тоқ ішек обырының (шамамен 21-25% жағдайлар), диабеттің (27 % жағдайлар) және жүрек ишемия ауруының (шамамен 30% жағдайлар) пайда болуының негізгі себебі болып табылады. 
Ересек адамдар арасында тиісті деңгейде дене белсенділігімен әрдайым айналысу денсаулыққа келесі әсерін тигізеді: 
• Жоғары қан қысымы, инсульт, диабет, сүт безі мен тоқ ішек обыры, депрессияның даму және құлау қаупін төмендетуге мүмкіндік береді; 
• Сүйектердің қатаюуы мен функционалды денсаулықтың нығаюына себебін тигізеді;
• энергия шығынының негізгі детерминанты болып табылады, демек, энергетикалық алмасу мен тиісті салмақты ұстап тұруда шешуші рөл атқарады. 
ДДСҰ мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жетіспеушілігі инсульт, диабет пен обыр сияқты инфекциялық емес ауруладың (ИЕА) маңызды қауіп факторы болып табылады. Көптеген елдерде адамдар дене белсенділігімен әлдеқайда аз айналысуда. Бүкіл әлемде 23% ересектер мен мектепке баратын 81% жасөспірімдер дене белсенділігінің жетіспеушілігін сезінуде.  
Дене белсенділігі деңгейін арттыру жеке адамдардың ғана емес, сонымен қатар, барлық қоғамның мәселесі болып табылады. Сондықтан, оның шешімі үшін мәдениеттің ерекшеліктерін ескеретін және тұрғындардың жеке топтарына бағытталған көпсалалы, көптәртіптік тәсіл қажет. Бүгінгі таңда бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыс жүруде, мысалы, қалаларда веложолдардың салынуы, тұрғын үйлердің аулалары  мен саябақтарда спорттық алаңдардың салынуы. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушы-әдістемелік нұсқаулығымен әрдайымғы жеткілікті қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайтуға әрбір азаматтың бірлескен жауапкершілігін арттыру мақсатында 2018 жылғы 9 қыркүйекте республиканың аймақтарында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 2018 жылғы «Денсаулық фестивалі» өтеді. 
Негізгі мақсат қоғамның, көптеген тұрғындардың белсенді өмір салтын жүргізуге назарларын аудару, әртүрлі жас санаттарындағы тұрғындардың денсаулық үшін қимыл белсенділігінің артықшылықтары туралы хабардар болуын арттыру, сонымен қатар, ДДСҰ сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес күнделікті жеткілікті дене белсенділігі дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 
Бағдарлама міндеттері:
- белсенді өмір сүру салтын жүргізуге қоғамның назарын аудару;
- әрдайымғы дене белсенділігіне бейімділікті қалыптастыру;
- физикалық инерттілік салдары туралы тұрғындардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру; 
- тұрғындар арасында салауатты өмір салтын сүру қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру;
- денсаулықты сақтау мен нығайту пайдасына қоғамның оң пікірін қалыптастыру;
- жоғары еңбек және әлеуметтік белсенділікті сақтау.
 
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын 
қалыптастыру проблемалары орталығы»