Басы » Акимат » Қоғам » "Ашық есік күні" өткізілді
"Ашық есік күні" өткізілді
Автор: Акимат
07-09-2018 16:41
07.09.2018 жылы Семей әкімінің аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы №511 Жарлығымен бекітілген Отбасы күнін атап өту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен 2018 жылға бекітілген қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың кешенді жоспарын  орындау мақсатында, отбасы күнін мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің отбасыларына арналған "Ашық есік күні" өткізілді. Іс-шараның мақсаты: әкім аппаратының тарихымен және қызметімен таныстыру. Іс-шара барысында мемлекеттік органның атқаратын қызметі мен ерекшеліктері туралы айтылып, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысы көрсетілі. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің отбасыларының өтініштері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
 
Семей қаласының әкімдігі