Басы » Акимат » Хабарландыру » Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік уақытша бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік уақытша бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Автор: Акимат
10-09-2018 17:38
10.09.2018 ж.
 
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405  ШҚО, Семей қаласы, Кайым Мұхамедхановкөшесі 8, анықтама  үшін телефондар: 8(7222) 567134, «электрондық мекен жай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік уақытша бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды:
 
1. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының қаржы бөлімі» ММ жергілікті бюджет және аппараттың бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін  (E R-4), (1 бірлік) (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне 2020 жылғы 16 маусымға дейін) (08-12-12).
Функционалдық міндеттері: Бюджеттік есептілікті жүргізу Ережелеріне сәйкес бюджеттік есептілікті жүргізу және жергілікті бюджеттің есептілігін құрастыру. 
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның  жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған есептілігін   жинақтау және құру.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен жергілікті бюджеттін дебиторлық берешегі туралы  тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептілігін жинақтау және берешектің құралу себептері туралы ақпарат әзірлеу.
Қаржы бөлімі аппаратының 1 КЗ-М кредиторлық берешегі туралы есептемені қалыптастыру және қаржы басқармасына ұсыну.
Келесі мемориалдық ордерлерді құрастыру:
- № 6 «Ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосі»,   
- № 8 «Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі»;
- № 13 «Материалдардың шығыстары бойынша жинақтау ведомосі»
Сектордың тиісті құжаттарын мұрағатқа тапсыру үшін әзірлеу.
Бухгалтерлік есептіліктің жетілдірілген нысандарын енгізу жұмыстарын жүргізу, мекемелердің бухгалтерлерімен кенес- семинарларын өткізу. 
Бекітілген тәртіпте есептілікті уақытылы және сапалы турде қалыптастыруды қамтамасыз ету, талдамалық хаттар әзірлеу. 
Бөлім мүлкіне түгендеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Бюджеттік заңнамаға сәйкес қаржы  бөлімінің бюджеттік бағдарламалары, бюджеттік өтінімдермен оларға есептеулердің әзірленуімен бекітілуін ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету. 
Қаржы бөлімінің: 
- «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін орындау және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясаттты іске асыру жөніндегі қызметтер»
- «Мемлекеттік органның құрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты.
Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Жаңадан түскен құжаттарды талқылау және жұмыста қолдану;
Түскен хаттар, азаматтардың шағымдар мен ұсыныстарын уақытында қарастыру;
Қазақстан Республикасы ИСО 9001:2009 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес келу. Ішкі еңбек тәртіп қағидаларын сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда,   орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Әлеуметтік ғылымдар, Экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика).
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
2. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының сәулет және  қала құрылысы бөлімі» ММ сәулет және қала құрылысы секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін  (E R-4) (1 бірлік) (02-2).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сәулет – қала құрылысы саясатын жүргізеді, сәулет және қала құрылысы сферасындағы нормативтік және басшылық құжаттарды енгізеді. Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген сәулет, қала құрылысы және өзге жобалау - сметалық құжаттаманың қала аумағын қала құрылысымен игеру кезінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.Бас жоспарды және мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүзеге асыру мәселелеріне қатысады. «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметі туралы Ережеде» белгіленген міндеттер мен қызметтерді орындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Мемлекеттік құпияны сақтау бөлімшеде құжаттаманың жүргізілуіне, есепке алуына және сақталуына жауапты. Қала аумағындағы құрылыстарды және жер телімдерін түгендеу жөніндегі мәліметтерді қала құрылысы кадастрының базасына енгізу. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қатысады, оның шешімдерінің орындалуын қадағалайды.    Заңды және жеке тұлғалардың арыз - өтініштерімен  заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізеді. «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер менжабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағығимараттардың орын-жайларын (жекелеген бөліктерін)реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік қызметін стандартқа сай көрсету.Өзінің функционалдық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелерден қажетті ақпараттар мен құжаттарды белгілі тәртіпте сұрау салып алады. Сапа саласындағы саясатына сәйкес жұмыстарды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда,   орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Өнер» (сәулет, дизайн); «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, транспорттық құрылыс, картография, геодезия), «Құқық» (құқықтану), Қызметтер» (кадастр, баға). 
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
3. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық және көркейту секторының көркейту мәселелері жөніндегі бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін  (E-R-4) (1 бірлік) (№ 03-5).
Функционалдық міндеттері: Аумақты дамыту жоспары үшін, сонымен бірге конкурстар өткізу жөніндегі құжаттарды дайындау үшін, қаланы көркейту және көгалдандыру, көше жарығын жөндеу және күтіп ұстау, сенбіліктер мен санитарлық екіайлықтарды өткізу, ұйымдастырылмаған қоқыс орындарын, қаланың жекеменшік секторынан қатты-тұрмыстық қалдықтарды тасып шығару, су айдындарын анофеногендік өңдеу, «Катафалк» автомашинасының жұмысы жөніндегі жұмыстардың тізбесін және көлемін дайындайды. Қала көшелерінің жарығын жөндеу және күтіп ұстау, қаланы көгалдандыру, ағаштарды көктемде және қыста егу, гүлзарлар мен көгалдар жайластыру, қаланың парктері мен алаңдарын қыста және жазда ұстау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін бақылауды, жаз уақытында жасыл екпелердің суарылуын және көшеттердің шығымдылығын күн сайын бақылауды жүзеге асырады. Туыс-жақыны жоқтарды және танылмаған мүрделерді жерлеу жөніндегі жұмыстарды, қолданыстағы зираттардағы жерлеу орындарының ұсталуы жөніндегі жұмыстарды бақылауды жүргізеді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы белгілеген тәртіпте қаланы санитарлық тазарту (ұйымдастырылмаған қоқыс орындарын тасып шығару) жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Иесіз қалған көше жарығының нысандарын түгендеу, есепке алу және оларды мамандандырылған ұйымдарға өткізіп беру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Орындалған жұмыстардың актісін қабылдайды және тексереді. Жер телімдерін бөлуді, жарнамалық қалқандар, билбордтар, лейтбокстар орнатуды, ағаштарды құлатуды келісу, нысандарды тексеру бойынша қорытындылар беру жөніндегі жұмыстарды барып көру арқылы жүргізеді. Ағаштарды кесуге және бөрікбасын қырқуға арналған ордерлерді беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады. Жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша қала әкімі өкімдерінің, әкімдік қаулыларының, мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлейді. Жоғарғы органдардың, бөлім басшысының, басшының орынбасарының, сектор меңгерушісінің тапсырмаларын уақытында орындауды қамтамасыз етеді. Басшылардың бұрыштамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз уақытында қарайды және дәлелді жауаптар дайындайды, ол үшін жеке жауапкершілік жүктейді.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда,  орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, гидротехникалық құрылыс және ғимарат). 
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
4. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Айнабұлақ ауылдық округінің аппараты» ММ бас маманы лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  69957  теңгеден 94108 теңгеге дейін (E-G-3) (1 бірлік) (№ 4).
Функционалдық міндеттері: Белгілі бір мақсатқа арналған бюджеттік қаржыны бақылауды жүзеге асыру, бухгалтерлік есепті жүргізу,  кәсіпорындармен, мекемелерменжәне ұйымдар мен көрсетілген қызметтері үшін өзара есептесуінің есебін жүргізу және есеп беру, бухгалтерлік балансты құру, қаржы, салық органдарына, статистикалық мекемелеріне есеп беріп отыру. Мемлекеттік мүлікті мерзімінде түгендеу, паспорттау. Мемлекеттік сатып алумен жұмыс атқару. «Заң» мәліметтер базасымен жұмыс істеу. Ауылдық округке бөлінген қаржының тиімді пайдаланылуын, игерілуін қамтамасыз етеді.«Қазынашылық клиент» бағдарламасы бойынша жұмыс жасау. Ауылдық округ әкімінің қосымша жүктеген жұмыстарын атқару.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей  қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы, sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) нысан бойынша өтініш (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы  21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-қосымша);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы   № 40 бұйрығына 3-қосымшаға  сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.  
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 7 жұмыс күннің ішінде ШҚО Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов  көшесі 8 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 2 жұмыс күннен кешіктірмей «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұданәрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Егер конкурсқақа тысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар  Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Әңгімелесу өткізудің орны: «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ШҚО Семей қаласы, Қаймы Мұхамедханов көшесі 8.
Анықтама телефондары: 8(7222) 52-36-35, 56-71-34, e-mail: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz.