Басы » Акимат » Мәдениет » Ашық есік күні өткізілді
Ашық есік күні өткізілді
Автор: Акимат
14-09-2018 17:46
Ашық есік күні өткізілді
Дәстүр бойынша 14 қырқүйек күні Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық кітапхана-бөлімшелері және құрылымдық бөлімдерінде  оқырмандар үшін  әдебиет, мерзімді және электронды басылымдарды насихаттауға, қаламыздың тұрғындарын кітапханада көрсетілетін қызмет түрлерімен хабардар етуге бағытталған - Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Бұл күні көркем безендірілген көрме тұсаукесерлері, кітапханалық сабақтар, ойын бағдарламалары, компьютерлік турнирлер және басқа да іс-шаралар көптеп өткізілді. Ұйымдастырылған шаралар кітапханаға жаңа пайдаланушылар тартып қана қоймай, сонымен қатар кітап қорының байлығын ашады. Сондай-ақ, бұл күні кітапханашылар оқырмандарды кітап құрылымымен, оның тарихымен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы айтылды.
Кішкентай оқырмандарымызға да арнайы бағдарламалар дайындалып, балалар  кітапханада болып жатқан ғажайыптардан құлағдар болды. Кітаптардың қандай болатынын және олардың қалай сақталатыны, шығармаларды қалай дұрыс таңдау жасап оқуға болатындығы жайлы мағлұматтар алып, балаларға арналған газет-журналдармен танысты.
 
Қалалық орталық кітапхана