Басы » Акимат » Хабарландыру » Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос және уақытша бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос және уақытша бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Автор: Акимат
02-10-2018 18:23
02.10.2018 ж.
 
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405  ШҚО, Семей қаласы, Кайым Мұхамедхановкөшесі 8, анықтама  үшін телефондар: 8(7222) 567134, «электрондық мекен жай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос және уақытша бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды:
 
1. «ШҚО Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының орынбасары, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 127 418 теңгеден 172 369 теңгеге дейін (E-R-2) (1 бірлік) (01-2).
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлерінің жұмысына жалпы басшылық және бақылау жасайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғары тұрған ұйымдардағы заңнамалық актілердің, шешімдердің және өкімдердің орындалуына бақылау жасау. Қаланың кәсіпкерлік саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама және болжам жасау. Қала базарларының, кәсіпкерлік субьектілері қызметтерінің сұрақтары. Сауда қызметтерін реттеу. Өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, туризм және байланыс кәсіпорындарын үйлестіру. Қалалық әлеуметтік-экономикалық дамыту, индустриалық инновациялық дамыту, ШҚО Семей қаласын дамыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Жаңа кәсіпкерлік обьектілерінің ашылуына қатысу.  Қалада және одан тыс жерлерде өнеркәсіп, шағын, орта бизнес, сауда және туризм кәсіпорындары өнімдерінің көрмесін ұйымдастырып, басшылық жасау. Қала әкімі аппараты өткізетін, жәрмеңке, салтанатты, мерейтойлар, спорттық және басқада іс-шаралардың өткізілу кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Бөлімнің  әрекет  Жоспарын әзірлеуге және орындауға қатысу. Азаматтардың хаттарын, арыздарын және өтініштерін өз уақытында қарауды бақылау. Кәсіпкерлік мәселесі жөнінде азаматтарды қабылдау.Аппарат және басқада кеңестерге материалдарды дайындауға қатысу және бақылау. Қала әкімінің, жетекшілік ететін мәселелері бойынша Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау барысына бақылау жасау. Сектор қызметшілерінің қызметтік  және еңбек тәртібін сақтауға бақылауды жүзеге асырады.  Бөлім басшысы жоқ болған кезде оның қызметтерін орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы,  мемлекеттік және жергілікті басқару), «Құқық» (құқықтану), «техникалық ғылымдар және технология» (машинажасау, көлік, көліктехникасы және технологиясы, технологиялық машина және құрал жабдықтар (сала бойынша), тамақ өңдеу өнімдер технологиясы), «қызмет» (туризм).
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
 
2. «ШҚО Семей қ. әкімі аппаратының» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  77452 теңгеден  99938 теңгеге дейін  (E-4) (1 бірлік) (4-1-7). 
Функционалдық міндеттері: Қала әкімінің және оның аппаратының заңды мүддесін құқықтық құралдармен соттарда қорғауға қатысады және қамтамасыз етеді, талапарыздық жұмыс жүргізеді;сот шешімдерінің орындалуын бақылайды;қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне соттарға талап арыздарды дайындауда көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда, олардың мүдделерін қорғайды;бөлім басшысының тапсырмасы бойынша қала әкімінің аппаратына келіп түсетін қызметтік құжаттарды, хаттарды, арыздар мен азаматтардың ауызша өтініштерін қарайды;
қала Әкімі аппаратының, мемлекеттік басқарудың өзге органдарының жұмысшыларына, ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер береді;
бас маман болмаған уақытта, оның міндеттерін орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім  немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік  білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі «құқық» 
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
3. «ШҚО Семей қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ коммуналдық шаруашылық және көркейту секторының сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне 2019 жылғы 04 сәуірге дейін), лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін  (E-R-4) (1 бірлік) (№ 03-4).
Функционалдық міндеттері: Қаланың, Шүлбі кентінің және ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру нысандарының, су бұру тоғандарының (арықтарының) тұрақты жұмысының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады. Қаланың  және елді мекендердің су құбыры шаруашылығын және су бұру тоғандарын (арықтарды) жылу маусымына дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, келелі мәселелерді қысқа дайындық жөніндегі штабтың отырысына шығарады. Өңірді сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытудың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын дайындауға қатысады. Орталық кәрізі жоқ үйлерден («Шамбо» шұңқырларынан) сұйық жуынды-шайындылардың сорып әкетілуін ұйымдастырады және бақылайды. Жылу-суқұбыры желілерінде және сумен жабдықтау нысандарында апаттық жағдайлар болған кезде апаттарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға тартылады. Бөлім басшыларының тапсырмасы бойынша әкімдік өткізетін іс-шараларға қатысады, әкімдіктің шешімі бойынша құрылған комиссиялардың жұмысына өзіне берілген өкілеттіктер шегінде қатысады, материалдар мен жинақтық ақпараттар дайындайды. Иесіз қалған сумен жабдықтау, су бұру нысандарын және  су бұру тоғандарын (арықтарды) түгендеу, есепке алу және оларды мамандандырылған ұйымдарға өткізіп беру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Бөлім басшыларының тапсырмасы бойынша әкімдік өткізетін іс-шараларға, әкімдіктің қаулысы бойынша құрылған комиссиялардың жұмысына өзіне берілген өкілеттік шеңберінде қатысады. Орындалған жұмыстардың актілерін қабылдайды және тексереді. Жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша қала әкімі мен әкімдік өкімдерінің, шешімдерінің, қаулыларының жобаларын әзірлейді.  Бөлімнің, қала және облыс әкімдігінің басшылығы үшін жетекшілік жасайтын мәселелер мен ведомстволық қарасты ұйымдар бойынша материалдар, ақпараттар дайындайды. Сапа менеджментінің ықпалдандырылған жүйесіне сәйкес, мұрағатта сақтау үшін, құжаттардың дайындалуын және тапсырылуын жүзеге асырады. Басшылардың бұрыштамасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, өз уақытында барып көру арқылы қарайды және дәлелді жауаптар дайындайды, ол үшін жеке жауапкершілік жүктейді. Бөлімнің және сектор басшыларының тапсырмаларын орындайды. 
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда,   орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, гидротехникалық құрылыс және ғимарат), «Қызметтер» (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, логистика (салалар бойынша).
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
4. «ШҚО Семей қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй инспекциясы секторының бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі мезгіліне 2021 жылғы 27 наурызға дейін), лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  73288 теңгеден  99106 теңгеге дейін  (E-R-4) (1 бірлік)  (№ 03-8).
Функционалдық міндеттері:  Кондоминиумнің ортақ мүлкін техникалық және көзбен көріп тексерілуін  жүргізеді; кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділігін және кезегін белгілейді; кондоминиум нысанын басқару органы тапсырған, тұрғын үй жәрдемақысының қатысуы арқылы қаржыландырылатын, кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлерін жүргізуге арналған шығындар сметасын келіседі; кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жеке түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияға қатысады; әкімшілік  құқықбұзушылықтар  туралы  хаттамалар жасайды, «Тұрғын үй   қатынастары  туралы» ҚР Заңының 42-бабы, 1-1-тармағында қарастырылған жағдайда  қызмет  көрсететін  ұйымдарды белгілейді;  кондоминиум нысандарының  жайлары (пәтерлері)  иелері өтініш жасаған жағдайда кондоминиум нысандарын басқару  жөніндегі есеп берудің бар болуына тексеруді жүргізеді; кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерінің бұзылғаны туралы актілер жасайды; жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар, бөлім басшылығының, қала және облыс әкімдіктерінің тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттар дайындауға қатысады.  
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй  қатынастары  тұралы» Заңына, Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күтіп ұстау ережесіне, Тұрғын үй қорын техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, жайлар (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің, сонымен бірге техникалық жай-күйі сақталуы үшін, үйлерді басқару органдарына қатысты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ішінара және жоспардан тыс тексерулерді тіркейді және жүргізеді. Заңда белгіленген тәртіп бойынша, бұзушылыққа жол берген субъектілерге қатысты ұйғарымдар шығарады, тексеру нәтижелері бойынша ұйғарымдардың орындалуын бақылайды, сонымен бірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғын үй қорын бақылайды және мониторинг жүргізеді. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты), маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Кондоминиум объектісіндегі және кондоминиум объектісіне жанама жатқан аумақтағы жайлар (пәтерлер) иелерінің  ортақ мүлкінің қолданылуын, күтіп ұсталуын, пайдаланылуын және жөнделуін; тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) жылу-, энергия-, газ- және су ресурстарын есепке алудың жалпыүйлік құралдарының бар болуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Бақыланатын объектілердің иелеріне, тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және үй маңындағы аумақтарды пайдалануды жүзеге асырушы кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға кеңестік көмек көрсетеді. Тұрғын үйлердің және үй маңындағы аумақтардың санитарлық жай-күйін және күтіп ұсталуын бақылайды. Күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін тұрғын ғимараттарды пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысады. Қазақстан Республикасы аумағында қолданатын тұрғын үй қатынастары туралы заңнаманы түсіндіру бойынша жайлар (пәтерлер) иелерінің   жиналыстарына қатысады. Басшылардың бұрыштамасына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз уақытында қарайды және дәлелді жауаптар дайындайды, ол үшін жеке жауапкершілік жүктейді. Бөлімнің және сектор басшыларының тапсырмаларын орындайды. 
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда,   орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, гидротехникалық құрылыс және имарат), «Құқық» (құқықтану).
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
5. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ еңбек нарығы және жұмыспен қамту мәселелер секторының бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 73 288 теңгеден  99 106 теңгеге дейін  (E R-4) (1 бірлік) (№ 8-1-2).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік және ведомстволық статистикалық есептілікті құрастыру. Босатылатын жұмысшылар, жұмыспен қамтылмаған халық, жасырын жұмыссыздық, жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша нақты материалды жинақтау. Бос жұмыс орындары деректерінің және еңбек нарығы деректерінің автоматтандырылған қорын қалыптастыру. Жұмыс күшіне деген сұраныстың және ұсыныстың, өңірдегі еңбек нарығы жағдайының талдауын жүргізу бойынша жұмыс. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жұмыс берушілермен, білім беру мекемелерімен өзара іс-әрекет жасау. Бос жұмыс орындары деректерінің қорын қалыптастыру, компьютерлік деректер қорын өңдеу және компьютерлік бағдарламаларды әкімдеу. «Рынок  труда» компьютерлік бағдарламасының үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету. Жұмыс күшінің қажеттілігі туралы мәліметтерді қамтамасыз ету. Кәсіптік оқыту қажеттілігін анықтау үшін кәсіпорындармен, ұйымдармен, ауылдық және кент  округтерімен жұмыс. Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту бойынша білім беру мекемелерімен шарттар жасасу. Кәсіптік оқуға жіберілген жұмыссыздарға арналған трансферттерді тағайындау және төлеу. 
«Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындары» әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, «Шағын жәрмеңкелер» және басқа да шараларды өткізу. Қаладағы кәсіпорындарға шетел жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша жұмыс жүргізу. Жұмыс берушілердің рұқсатнамаларда көрсетілген ерекше жағдайларды орындауын бақылау.  Құқық қорғау органдары және мемлекеттік еңбек инспекциясымен бірлесіп ҚР жұмыспен қамту және халықтың көші-қон туралы заңнамасының орындалуын жүргізу. Жұмыспен қамту және қоғамдық жұмыстар бойынша деректер қорын қалыптастыру. Статистикалық есептілікті әзірлеу. 
Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің сапасын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес  жұмыс өтілі бар болған жағдайда,   орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (Экономика,  есеп және аудит, қаржы,  мемлекеттік және жергілікті басқару), «Білім» (орыс тілі мен әдебиет),  «құқық» (құқықтану) білім. 
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
 
6. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Шульбинск кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  69957  теңгеден 94108 теңгеге дейін (E-G-3) (1 бірлік), (№ 1).
Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратының жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру мәселелері, шешімдердің, өкімдердің, жеке және заңды тұлғалардан түскен  өтініштердің орындалуын  бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың үндеулерінің есебін жүргізеді, есептер құрастырады. Әкім аппаратының іс-қағаздарын жүргізу. Номенклатураға сәйкес, құжаттардың сақталуымен, оларды архивке тапсырылуын қамтамасыз ету. Бақылауға алынған құжаттарды уақытында орындау. Нотариалдық   іс-әрекеттер жасау.    Кадрлық жұмысты жүргізеді. Мемлекеттік қызметкерлердің жеке істерін жүргізеді. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс. Сайлаушылардың есебін жүргізеді. ҚР «Мемлекеттік рәміздер» Заңының сақталуын бақылау. Заңға сәйкес басқа да өкілеттікті іске асырады.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Жоғары білімі барларға еңбек өтілі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 
 
7. «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының Абыралы ауылдық округінің аппараты» ММ бас маманы лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  69957  теңгеден 94108 теңгеге дейін (E-G-3) (1 бірлік) (№ 4).
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бюджетті жоспарлау, смета жасау, тиісті маслихат бекіту үшін жоғары әкімдіктің қарауына енгізу. Экономикалық байланысты есептік жұмыстарын атқару. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу, бюджетті орындау барысында жоғары мекемелермен салыстырып есеп жүргізу, келісім-шарттарға отыру жұмыстарын жүргізу. Қазынашылық, салық басқармасына, статистика басқармасына және қаржы, экономика бөлімдеріне тиісті айлық, тоқсандық, жылдық есептерді қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын атқару. Қаржылық жылдың 20 қантарына дейін бюджеттік орындалу ережесінің 126 қосымшасына сәйкес түсімдер мен шығындардың жоспарын  жасау, өзгерістер енгізу. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау, сатып алуды өткізу, тауар жеткізушілермен келісім-шарттар жасау. Жергілікті өзін-өзі басқару есептеріне түскен ақшаның жұмсалуын есептеу. Жергілікті басқару органдарына түскен трансферттерді жоспар бойынша кіріс-шығысын есептеп, мониторинг жүргізу. Ереженің қосымшасына сәйкес жергілікті өзін-өзі органдарына трасферттердің қолдану нәтижесі туралы есепті жасап, белгілінген мерзімді жергілікті қоғамдастық комиссияның мүшелеріне ұсыну.  Ауылдық округке бөлінген қаржының тиімді пайдалануын, уақытында игерілуін қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімінің қосымша жүктеген жұмыстарын атқару.
Конкурсқа қатысушыларға және үміткерлерге қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей  қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы, sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) нысан бойынша өтініш (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы  21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-қосымша);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы   № 40 бұйрығына 3-қосымшаға  сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.  
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың  4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаса  келесі құжаттарды тапсырады:
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 7 жұмыс күннің ішінде ШҚО Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов  көшесі 8 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 2 жұмыс күннен кешіктірмей «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұданәрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Егер конкурсқақа тысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар  Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Әңгімелесу өткізудің орны: «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ШҚО Семей қаласы, Қаймы Мұхамедханов көшесі 8.
Анықтама телефондары: 8(7222) 52-36-35, 56-71-34, e-mail: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz.