Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Ескерту. Қорғау. Егу!» Ұлттық бағдарламасы
«Ескерту. Қорғау. Егу!» Ұлттық бағдарламасы
Автор: Акимат
03-10-2018 10:02
«Ескерту. Қорғау. Егу!» Ұлттық бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген 2016-2019 жылдарға арналған Денсаулық сақтаудың даму «Денсаулық» Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының өңірлерінде 2018 жылы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін «Ескерту. Қорғау. Егу.» ұлттық бағдарламасы өткізіледі.
«Ескерту. Қорғау. Егу.» Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты вакцинацияға дұрыс көзқарасты қалыптастыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту және сақтау, адамдарға өзіне және өз отбасына денсаулық үшін таңдау жасауға және шешім қабылдауға көмектесу,вакцинациядан бас тартумен байланысты қауіп-қатерлерге және салдарға жұртшылықтың назарын аудару, ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекцияларының алдын алу шаралары туралы халықтың хабардар болуын арттыру болып табылады.
Негізгі міндет – иммунопрофилактиканың пайдасы, жеке және қоғамдық гигиена шаралары туралы, ЖРВИ қауіптілігі, тұмаудың ауыр зардаптары туралы, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты сақтау және нығайту, мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу бөлігінде (ішімдік ішудің, темекі шегудің алдын алу, ФА арттыру, дұрыс тамақтануды сақтау) халықтың ақпараттандырылуын арттыру болып табылады.
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»