Басы » Акимат » Хабарландыру » Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан тұрғындарын жинайды
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан тұрғындарын жинайды
Автор: Акимат
04-10-2018 10:58
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– жұмыссыздар (жұмыспен қамту орталығына тіркеуге тұру қажет етілмейді) мен өзін өзі жұмыспен қамтығандарды, өз бизнесін ашқысы келетіндерді, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлерді (тіркелген уақыты 3 жылдан аспауы тиіс) оқуға шақырамыз.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
Оқу ұзақтығы – 1 ай. Алтыншы кезең бойынша тестілеу 2018 жылғы 25-26 қазан аралығында өтеді. Оқу 2018 жылғы 29 қазан – 23 қараша аралығында жүргізіледі. 
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда http://atameken.kz/ сайтында немесе 87222 56-28-67, 56-11-49  байланыс телефонына хабарласып, Семей қаласы, Абай алаңы көшесі, 5. 100 каб. кеңес алуға болады.  
 
ШҚО кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалы