Басы » Акимат » Мәдениет » Әлеуметтік орталық қарамағындағы балаларға арналған қайырымдылық концерт
Әлеуметтік орталық қарамағындағы балаларға арналған қайырымдылық концерт
Автор: Акимат
09-10-2018 17:12
Әлеуметтік орталық қарамағындағы балаларға арналған қайырымдылық концерт
2018 жылдың 9 қазаны күні сағат 15.00–де Орталық мәдениет және демалыс саябағы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, әлеуметтік орталық қарамағындағы балаларға арналған қайырымдылық концерті өткізілді. Мақсаты: мейірім күтетін жандардың жүректеріне жылылық, қуаныш ұялатып, қол ұшымызды созып, өмірге деген көзқарастарын өзгертіп, мерекелік көңіл күй сыйлау. Шара барысында әр түрлі әндер орындалды. Ал соңында аталған мекеме қызметкерлерімен балалар риза болып, саябақ қызметкерлеріне өздерінің  жүрек  жарды алғыстарын шын көңілмен білдірді.
 
КМҚК «Семей қаласының Орталық мәдениет
және демалыс саябағы» әкімшілігі