Басы » Акимат » Қоғам » Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кезекті кеңес өткізілді
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кезекті кеңес өткізілді
Автор: Акимат
10-10-2018 16:04
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кезекті кеңес өткізілді
2018 жылдың 9 қазанында Семей қаласының жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі, әкім аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Әубәкіров Ерлан Жұмажанұлының төрағалық етуімен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кезекті кеңес өткізілді.
Қала әкімдігінің отырыстар залында өткізілген кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің бас маманы Ісімбеков Ғалымжан Жұмағалиұлы және Семей қ. бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Түсіпбаев Тоқтарбек Мұхаметрахымұлы қатысты.
Кеңесте Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарында еңбек тәртібін сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралардың, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін, әсіресе оларды жұмыстан тыс уақытта жұмысқа тарту бөлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның талаптары мен нормаларының мемлекеттік қызметшілердің тарапынан сақтау нәтижесі бойынша жүргізілген сауалнама талдауының қорытындысы қаралды. Сонымен бірге, кеңесте жоғарыда атап көрсетілген Заңда қарастырылған мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін, сондай-ақ еңбек заңнамасының кейбір нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Семей қаласы әкімінің аппараты