Басы » Акимат » Мәдениет » Жастар экстремизмге қарсы: бейнесағат
Жастар экстремизмге қарсы: бейнесағат
Автор: Акимат
10-10-2018 16:21
Жастар экстремизмге қарсы: бейнесағат
Қазір әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі экстремизм мен терроризм екендігі белгілі. Жастардың осы бүкіл ғаламдық деңгейде орын алып отырған індеттің арбауына  түсіп , теріс ағымдардың ықпалымен адасып кетпеуі үшін 10 қазан күні гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде «Жастар экстремизмге қарсы» деп аталатын бейнесағат өтті. Бейнесағатқа бірінші курс студенттері қатысты. Оларға жалпы экстремизм туралы, экстремистік секталар мен ұйымдардың қауіптілігі туралы ақпараттар берілді, жаднамалар таратылды. Қазақ және орыс топтарына арналған «Құрдымға апарар жол», «Западня» тақырыбында бейне жазбалар көрсетілді. Қоғамдағы экстремизмнің терроризмнің, лаңкестіктің қауіптілігі туралы  ақпарат беретін «Ислам: экстремизм мен лаңкестикке қарсы», «Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі», А.Косиченконың  «Возможности религии в снижении уровня вызовов и угроз современности» және т.б.   әдебиеттер мен мерзімді басылымдардан кітап көрмесі ұсынылды. Шара барысында студенттер деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түспеу жолдарымен ақпараттандырылып,  өздеріне қажетті ой түйіндеді.
 
Абай атындағы кітапхана