Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Мұқыр ауылының кіреберісіндегі арканың ашылуы
Мұқыр ауылының кіреберісіндегі арканың ашылуы
Автор: Акимат
11-10-2018 10:10
Мұқыр ауылының кіреберісіндегі арканың ашылуы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасындағы міндеттерді іске асыру мақсатында Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылына кіре беріс жолда арка бой көтерді. Арка ауыл жастарының бастамасымен және ауыл тұрғындарының демеушілігімен орнатылды. 2018 жылы 9 қазан күні аталмыш арканың ашылу салтанаты өтті. Түрксіб орта мектебінің директоры Амантай Дүрімбайұлы Чомчекбаев, Аналар кеңесінің мүшесі Бипайса Жұмаділқызы Шатанова және «Әжелер» тобының әншісі Сламия Тоқтағазинова ашылу салтанатына қатысып, арканың лентасын қиды. Лента қию рәсімінен кейін ауылдың әжелері шашу шашып арканы орнату барысында белсенділік танытқан ауыл азаматтары марапатталды.
 
Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты