Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Мемлекеттiк қызметтегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Мемлекеттiк қызметтегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Автор: Акимат
11-10-2018 14:55
Мемлекеттiк қызметтегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Семей қалалық сотында ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бас маманы Г.Ж. Исимбеков және Шығыс Қазақстан облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің бас маманы Т. С. Мұхажановпен судьялар мен қызметкерлер арасында кездесу өтті. 
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың аралық нәтижелері туралы дәріс барысында Ғ.Ж. Исимбеков азаматтардың сенімінің негізгі көрсеткіштердің бірі мемлекеттік қызметтердің сапасы екенін атап өтті. Мәселен, елде ең талап етілген қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюды көздеп, болашақта Агенттікпен қызметті берушілер мен қызметті алушылар арасында «тікелей байланысын» толықтай жою мақсаты қойылып отыр. Іс жүзінде барлық салаларда жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүйелі фактілер анықталды. Өткен алты айдың өзінде 700-ден астам адам анықталды, олардың 18-і республикалық, 55-і облыстық, ал 101-і қалалық және аудандық көшбасшылар. Барлығы жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 64 фактісі басылып, 192 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Әрбір азаматтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруға белсенді қатысуы елдегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік тудырады және қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады.
 
Семей қалалық сотының баспасөз қызметі