Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу»
«Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу»
Автор: Акимат
15-10-2018 16:50
«Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу»
Біздің республикамызда әйелдер арасында онкологиялық ауруларға шалдығушылық құрылымында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орын алады. Жыл сайын сүт безінің қатерлі ісігіне 3000-ға жуық жаңадан шалдығушылық жағдайы анықталады. Сүт безі қатерлі ісігіне шалдығушылықтың шыңы 30-35 жас арасындағы әйелдерге келеді.
Сүт безі қатерлі ісігінің дамуына не әкеліп соғады:
1. Ағзадағы гормондар деңгейінің бұзылуы (етеккір, генеративтік, лактациялық қызметтер);
2. Әйелдің жыныс жүйесінің созылмалы аурулары;
3. Тұқымқуалаушылық;
4. Жиі кұйзелістерге ұшырау;
5. Сүт бездерінің жарақаттанулары;
6. Босанудан кейінгі мастит;
Бұл кеңестер сізге денсаулықты сақтауға көмек береді:
1. Міндетті түрде айына 1 рет сүт бездеріңізді өзіңіз тескеруден өткізіңіз;
2. Артық дене салмағын болдырмаңыз, майды көп мөлшерде пайдаланбаңыз;
3. Бірінші жүктілікті міндетті түрде сақтаңыз және 1 жасқа дейін балаға емшек емізіңіз;
4. Гинекологиялық ауруларды уақытымен емдеңіз;
5. Күн сайын көкөністер мен жемістерді пайдаланыңыз;
6. Тұрақты жынстық қатынас болғаны дұрыс және жыныстық өмірдің гигиенасын сақтаңыз;
7. Созылмалы күйзеліс жағдайлардан бас тартыңыз ;
8. Жазғы күндері күн көзінде ұзақ болудан сақтаныңыз;
9. Сүт бездерін механикалық жарақаттаудан сақтаныңыз ;
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»