Басы » Акимат » Қоғам » Полицейлер Елбасының Жолдауын талқылады
Полицейлер Елбасының Жолдауын талқылады
Автор: Акимат
19-10-2018 17:34
Полицейлер Елбасының Жолдауын талқылады
Семей қ. ІІБ жеке құрамы әскери-қызметтік даярлық аясында «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдиновамен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» кезекті Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, зерделеді.  
Жеке құраммен кездесу барысында Ұлт көшбасшысының болашаққа жол салған жолдауында қойылған тапсырмаларды іске асыруға байланысты сұрақтар талқыланды. Бәрінен бұрын, З.Ф. Жамалтдинова өз баяндамасында құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты тармақтарға егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Сонымен бірге қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс.  Полиция жұмысын түбегейлі жақсарту мақсатында Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды. Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет екенін, үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттағаны жөнінде атап өтті.
Іс-шара соңында Кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры А.Слямов полиция қызметкерлері қазіргі заман талабына және жаңа бағыттарға сай болуын, өздерінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыруларын, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес барысында заң бұзушылыққа жол бермей, полиция мәртебесін ең жоғары деңгейде қолдап отырулары қажет екенін жеткізді.
 
Семей қ. ІІБ