Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Біз сыра туралы не білеміз ?»
«Біз сыра туралы не білеміз ?»
Автор: Акимат
22-10-2018 17:20
«Біз сыра туралы не білеміз ?»
Бүгінгі күнде сыра мен сыра ашытқысы туралы көп айтылып та, жазылып та жүр, бірақ сыраның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігі жайлы ақпараттар аз.
Сыра кейде «сұйық нан» деп аталатын бағалы азық ретінде қателестіретін әлсіз алкогольді ішімдіктер тобына жатады. Өкінішке орай, сыраның құрамында адам ағзасының ішімдікке сезімталдығын арттыратын және оны сіңіруді күшейтетін заттың бар екенін ешкім көп біле бермейді. Сондықтан адам арақ пен сыраны араластырып ішсе тез және қатты мас болып қалады.Сыра дайындауға арналған басты компонент құрамында әйелдердің гармоны экстрогенге ұқсас биологиялық әрекет ететін гормоналды белсенді заттегі бар құлмақ болып табылады.
 
СЫРАНЫ ІШУ НЕГЕ ӘКЕЛІП СОҚТЫРАДЫ?
Сыраны шамадан тыс тұтынған ерлердің қанында әйелдердің гормондары көп жиналып, әйелдердің гормондарының көбеюінен гормондық тепе-теңдік араласады. Соның нәтижесінде дене салмағы артып, әйелдерге тән семіздік пайда болады, дауыс ырғағы өзгеріп, құмарту (әйелде деген қызығушылық) төмендейді де, белсіздік дамиды.Сыраны шамадан тыс тұтынған әйелдерде кері үдеріс пайда болады, жағымсыз факторлардың әсер етуі әйелдердің гормондарын зақымдай отырып бедеулікке әкеліп соғады. Әйелдердің ағзасында ерлердің гормондарының саны артып, дауыс ырғағы жуандап, еркектерге тән мінез-құлық сипаты пайда болады. Бұл үдерістердің  жылдамдауы темекі шегуге ықпал етеді.
 
СЕНІМДІ ДЕРЕКТЕР
Сыра адам ағзасына өте қауіпті, себебі сыраның ашуының нәтижесінде пайда болатын сивуха майының мөлшері көп. Мемлекеттік стандарт бойынша арақтағы сивуха майының мөлшері 3мг/л аспауы керек. Ал сырада бұл заттардың мөлшері 50-100 мг/л құрайды. Сондықтан сырадан улану салдары өте ауыр болады.
-Әдебиеттердің мәліметтері боынша сыраның құрамында канцерогенді қасиетке ие және обырды дамытуға ықпал ететін заттектер табылған. Тиісінше «қатты шайырлар», N-нитрозодиметиламин тоқ ішек және сүт безі обырларының даму қаупін жоғарылатады.
Сыра адамзат ойлап тапқан, зиянды сусындардың бірі болып табылады.
Уақыт өткен сайын сыраны шамадан тыс көп тұтынатын адамдардың өмірінің сапасы төмендеп, кәсіптік қызығушылығы жоғалады, отбасылық қарым-қатынаста үйлесімсіздік туындап, қоғамды әлеуметтік дағдарысқа әкеліп соқтырады.
 
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»