Басы » Акимат » Хабарландыру » ШҚО ішкі саясат басқармасы 14 пен 29 жас аралығындағы өңір жастары арасында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» ШҚО әкімінің сыйлығына конкурс жариялайды
ШҚО ішкі саясат басқармасы 14 пен 29 жас аралығындағы өңір жастары арасында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» ШҚО әкімінің сыйлығына конкурс жариялайды
Автор: Акимат
01-11-2018 09:58
Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы 14 пен 29 жас аралығындағы өңір жастары арасында «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына конкурс жариялайды.
Конкурстық құжаттар Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 27/1, мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесінде жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға, 2018 жылғы 15 қараша (қоса алғанда), сағат 18.30-ге дейін қабылданады. 
Конкурстың ережесі http://www.dvpvko.gov.kz сайтында орналасқан. Анықтама телефоны: 8 (7232) 610-942, 710-234.
 
Ішкі саясат бөлімі