Басы » Акимат » Экономика және бизнес » «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық кредит алу бағдарламасы
«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық кредит алу бағдарламасы
Автор: Акимат
05-11-2018 17:40
«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық кредит алу бағдарламасы
Белгілі болғандай, тұрғын үй сатып алуға жағдай жасау бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық кредит алу бағдарламасы ағымдағы жылдың шілде айында бастау алды.
«7-20-25» Бағдарламасы жылдан жылға айналысын күшейтіп, мыңдаған қазақстандықтар үшін тұрғын үй сатып алуға қолжетімділікті қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Бағдарламаға Қазақстанның барлық санаттағы азаматтары қатыса алады. Бұл ретте, адамдардың ипотекалық кредиті және жеке меншік тұрғын үйі болмауы керек. Бағдарламаның талаптары барлық адамдар үшін бірдей – мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар үшін, сондықтан да жеке санаттағы азаматтар үшін қандай да болса жеңілдіктер қарастырылмайды.
«7-20-25» Бағдарламасының негізгі шарттары: сыйақының жылдық атаулы мөлшерлемесі - 7%, бастапқы жарна - 20%, кредит мерзімін - 25 жылға дейін ұсынады.
Бағдарлама бойынша пайдалануға берілген жаңадан салынған үйлерге ғана рұқсат беріледі. Сатып алуға болатын үйдің барынша жоғары сомасы: 25 млн. теңге – Астана, Алматы, Актау, Атырау қалалары үшін, 15 млн. теңге – басқа өңірлер үшін. Бағдарлама ҚР азаматтары үшін ғана қарыз алуды және тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін қарастырады. Сатып алынатын үйдің орналасқан жері бойынша, сондай-ақ қарыз алушының нақты тіркелу орны бойынша шектеулер қойылмайды.
«7-20-25» Бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін қазақстандықтар қандай талаптарға сәйкес келуі қажет?
1. Банктің қарауы бойынша келесі құжаттардың бірімен расталған еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуы:
2. «7-20-25» Бағдарламасы бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге ипотекалық тұрғын үй бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;
3. Қазақстан Республикасы аймағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы:
- жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын;
- апат жағдайындағы, құлау (қирау) қаупі төнген тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын аталған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.
Бағдарламада қарыз алушының барынша төмен кіріс деңгейі белгіленбейді, алайда ипотекалық қарызға қызмет көрсету үшін жеткілікті расталған кірістері болуы шарт. Бұл ретте, адамның кредит қабілеттілігіне баға беруге басқа да кредиттердің болуы және бағдарлама бойынша әлеуеттік қарыз мөлшері әсер етеді. Қарыз алушының кредиттік тарихындағы мерзімі өткен қарыздар тұрғын үй Бағдарламасы қатысушысының кредит қабілеттілігін бағалауда кері әсерін тигізеді.
Қарыз алушының кіріс деңгейі жетпеген жағдайда қосалқы қарыз алушыны тартуға болады, қарыз алушыларға қойылатын талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды.
Сатып алынатын тұрғын үйге қандай талаптар қойылады? 
Бағдарлама бойынша пайдалануға берілген жаңадан салынған үйлерге ғана рұқсат беріледі.
Ауылдық жерден немесе жер үйлерден тұрғын үй сатып алуға қарыз беріледі, егер де бұндай тұрғын үй жаңадан салынған және тұрғын үй пайдалануға берілген болса. 
Тұрғын үйдің салынған жылдарына Бағдарламада шектеулер қойылмайды, себебі пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйлерге ғана рұқсат беріледі.
«7-20-25» Бағдарламасы бойынша кредитті мерзімінен бұрын өтеуге бола ма? 
Ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын өтеуге Бағдарлама тиым салмайды, бұндай жағдайда айыппұл салынбайды.
Бағдарлама шартында қарыз алу мерзімі 25 жылға дейін. Шектеулер барынша көп қарыз алу мерзіміне ғана қолданылады.
Бұрын алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға жол берілмейді.
Қарыз алушыға қойылатын талаптардың бірі, оның өтелмеген ипотекалық қарыздарының болмауы болып табылады. Осылайша, «7-20-25» Бағдарламаның қатысушысы бола отырып және қолданыстағы ипотекалық қарызыңыз бола тұрып, бағдарлама шартымен жаңа қарызды алу мүмкін емес. Бұл ретте, ипотекалық қарызды толық өтеген жағдайда, Бағдарлама шарттары сақталған кезде жаңа қарыз алуға рұқсат беріледі.
Қарыз өтелмей тұрып тұрғын үйді өзіңе сақтап қалуға жол берілмейді. 
Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар төлемділік, жеделділік, қайтару мерзімділігі шарттарымен ұсынылады. Сатып алынатын тұрғын үй ипотекалық қарыз бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылады. Тиісінше, егер қарыз алушы ипотекалық қарызды өтемесе, банк кепіл алушы ретінде ипотекалық қарыз бойынша кепілдік қамтамасыз етуді өндіріске айналдыруға құқығы бар.
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін «7-20-25» бағдарламасының «Центркредит Банкі» АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ банкі» АҚ, «ЦеснаБанкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ, «Bank RBK» АҚ және «ForteBank» АҚ серіктес банктерінің филиалдарына жүгінуге болады. 
25 қазандағы жағдай бойынша 47 млрд. теңге жалпы сомасына қарыз алу үшін қазақстандықтардан 3 989 өтінім қабылданды. Оның ішінде банктер 31 млрд. теңгеден астам сомасына 2 658 өтінімді мақұлдады.
Өңірлердің арасында Шығыс Қазақстан облысы төртінші орынды иеленді, ШҚО банктері ағымдағы жылдың 25 қазанға 2,1 млрд. теңгеден астам сомасына қарыз алу үшін 245 өтінімді қабылдады. Оның ішінде 1,4 млрд. теңгеден астам сомасына 164 өтінімді мақұлдады.
Бағдарламамен http://www.nationalbank.kz/?docid=3555&switch=russian сілтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында толығырақ танысуға болады.  
Бағдарламаның шарттарын түсіндіру мақсатында 2018 жылғы 19 маусымнан бастап «НБК «Online» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мобилді қосымшасында «7-20-25» жаңа бөлімі қосылды, онда Бағдарламаға қатысты толғандыратын сұрақтарға жедел жауап алуға болады. 
«НБК «Online» мобилді қосымшасы AppStore және PlayMarket магазиндерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде тегін жүктеп алуға болады.
Сонымен қатар, барлық қажетті ақпараттарды «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ www.baspana72025.kz ресми сайтында немесе + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірлері бойынша тәулік бойы телефон шалу орталығына телефон соғу арқылы алуға болады.
Бағдарлама шарттары бойынша кеңес алу қажеттілігі болған жағдайда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалына мына мекенжай бойынша жүгінуге болады: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 3, телефондары: 8-7232-56-06-71, 8-7232-56-06-72, 8-7232-56-06-73, 8-7232-56-06-81.
 
 
Ақпаратты ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Шығыс Қазақстан филиалы