Басы » Акимат » Мәдениет » «Біз экстремизмге қарсымыз!» атты ақпарат сағаты өткізілді
«Біз экстремизмге қарсымыз!» атты ақпарат сағаты өткізілді
Автор: Акимат
08-11-2018 09:06
«Біз экстремизмге қарсымыз!» атты ақпарат сағаты өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері терроризмнің мәнін анықтау, қоғамдық сана және азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында № 47 мектепте 7 сынып оқушыларымен «Біз экстремизмге қарсымыз!» атты ақпарат сағаты өтті. 
Шара басында кітапханашы экстремизмге анықтама беріп, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жасау елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Терроризмнің қатыгез әрекеттерімен  кең ауқымда қарқынды етек алуы бүгінгі күннің өткір мәселесі болып табылатындығы айтылды.   
Шара «Тоқта, терроризм!» атты бейнеролик көрсетілімімен жалғасып, соңынан оқушылар «Шиеленістер неге пайда болады?», «Экстремизмнің пайда болу себептері?», «Терроризм мен экстремизмге Сіздің көзқарасыңыз қандай?», «Қысылтаяң сәтте өзіңді қалай ұстау керек?» және т.б. сұрақтарға жауап берді. 
Соңында оқушылар адамның жеке басына ешкімнің тимеуі ең басты құндылықтар болып табылатынын және өздерінің еш зорлық-зомбылықсыз, толеранттық әлемде өмір сүргілері келетіндігі  жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. 
Шара «Біз экстремизмге қарсымыз» атты кітап көрмесіне жасалған библиографиялық шолумен аяқталды.
 
Қалалық орталық кітапхана