Басы » Акимат » Мәдениет » Ақын және пацифист: ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 75 жыл
Ақын және пацифист: ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 75 жыл
Автор: Акимат
08-11-2018 09:36
Ақын және пацифист: ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 75 жыл
2018 жылдың 7 қарашасында ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 80 - жыл толуына орай естелік кеш өтті. Кешке ақынның достары, замандастары, әріптестері: М. Р. Сұлтанбеков, Е. А. Титаев және С. У. Картоев, сонымен қатар орыс әлеуметтік-мәдени орталығының өкілдері, қаланың жоғары оқу орындарының филология факультетінің және колледждің студентері қатысты. Тіл дамыту және мәдени бөлімнің орынбасары  Ю. С. Пазын естелік кештің айрықша қонағы болды.
Кешке қатысушыларды В.Г. Кобрин жайлы бейнежазбамен таныстырды.Еске алу кешінде жазушы, ақын, абайтанушы- ғалым, ҚР журналистер Одағының мүшесі, педагог, аудармашы М. Р. Сұлтанбеков және журналист, ертек жазушы Е. А. Титаев  ақынның поэтикалық шығармашылығымен, ал  В. Г. Кобриннің  антиядролық қызметімен "Невада-Семей" қозғалысының вице-президенті, коммерциялық емес ұйымдар Қауымдастығының Президенті Сұлтан Омарұлы Картоев, «Невада-Семей»  қозғалысының қатысушысы Юрий Григорьевич Якубовский және «Семей-Невада» қозғалысының сенімді дәрігері Болат Оралбайұлы Серікпаев бөлісті.  
Филология факультетінің 1 курс студенттері Ада Гейн, Владлена Худякова ақынның «Естелік», «Қорқынышты түс» атты лирикалық, пацифисттік өлеңдерін оқыды.
«Пацифист ақынның тұлғасы мен тағдыры» атты кітап көрмесінде В. Г. Кобриннің шығармашылығы мен өміріне арналған кітаптар, мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар ұсынылды.
 
Абай атындағы кітапхана