Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » ЖИТС таңдамайды. Біз таңдаймыз!
ЖИТС таңдамайды. Біз таңдаймыз!
Автор: Акимат
08-11-2018 11:05
ЖИТС таңдамайды. Біз таңдаймыз!
Әр адам нені білуі қажет!
 
Жұғу жолдары:
 
Қан арқылы
- Есірткі қантамыр арқылы пайдаланғанда (залалды ине, шприц және басқа құрал-саймандар, материалдар)
- Татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату мен басқа шаралар кезінде (залалсыздандырылмаған ине, құралдар арқылы)
- Кездейсоқ жарақат алғанда қолданылған шприц инесінен дәрі егу кезінде
Тікелей
- Ауру анадан жүктілік кезінде, босанғанда және емізгенде жұғады
 
АИТВ жұқпайды, егер:
- Қол алысып, құшақтасса
- Жөтелсе немесе түшкірсе
- Бассейнде және табиғи суда шомылса
- Ортақ ыдысты, асхана, төсек-орын жабдықтарын қолданса
- Ортақ әжетхананы және жуынатын бөлмені қолданса
- Шыбын-шіркей шақса
 
Жұқтырып алмау үшін не істеу қажет:
- Жауапты, қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты ұстану.
- Есірткіні тұтынудан бас тарту.
- Косметикалық шаралары (пирсинг,татуаж, маникюр, педикюр, құлақ тесу) үшін залалсыздандырылған құралды қолдану.
- Жеке тазалық құралдарын қолдану.
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»