Басы » Акимат » Мәдениет » «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты ойын-сайыс өткізілді
«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты ойын-сайыс өткізілді
Автор: Акимат
08-11-2018 16:36
«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты ойын-сайыс өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында №8 орта мектептің 6-8 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты ойын-сайыс өткізілді.
Шара басында кітапханашы қоғамның қазіргі даму кезеңінде халықтың құқықтық сауаттылығы барынша өзекті бола түскенін әңгімесіне арқау етті. Өз құқықтары мен міндеттерін білу, тәртіпті сақтауға  кепіл болатынын, ал білмеу - жауапкершіліктен жалтарып, ойланбаған іс-әрекеттерге алып келетінін баса айтты.
Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, нашақорлық мәселелері, ВИЧ инфекциясы туралы сұрақтар қозғалып, әрбір ата-ананың өз баласы үшін жауапкершілігі сөз болды. 
Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп  сайысқа қатысып, өздерінің құқықтары мен міндеттері жайлы қаншалықты білетіндіктерін көрсетті.
Қорытындысында балалар өз міндеттерін адал орындау, білімді болу, заңды, адамдарды құрметтеу және құқықтарын сақтау - көптеген өмірлік жетістіктерге әкеліп, әртүрлі өмірлік мәселелелерді шешудің негізі болып табылады, - деген ой-пікірлерін жеткізді.
Соңында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
Қалалық орталық кітапхана