Басы » Акимат » Мәдениет » Халықаралық зағиптар күніне арналған концерт «Ән әлемінің сәулесі»
Халықаралық зағиптар күніне арналған концерт «Ән әлемінің сәулесі»
Автор: Акимат
09-11-2018 11:50
Халықаралық зағиптар күніне арналған концерт «Ән әлемінің сәулесі»
8 қараша 2018 жылы «Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтар клубы жылдағы әдеті бойнша қалалық Мәдениет сарайында есептік концертін қойды. Осы іс-шараға арналған, шақыру билеттер мен афишалар және хабарландырулар  яғни әлеуметтік желілер, «Радио-7». «ТВК-6» телеарнасы арқылы хабардандырулар жасалды.
Осы іс-шараға клуб үйірме ұжымдарымен қатар, қарттар мен мүгедектер үйін және  қаламыздың ішкі саясат бөлімінің жастары белсене қатысты.
Концерттік репертуарымызда, қазақ және орыс композиторлары, халық әндер және классикалық шығармалар 3-4 дауысқа бөлінген а капелла және баян сүйемелімен әндер орындалды. 
Ұйымдастыру барысында шақырылған БАҚ өкілдері келіп, клуб директоры М. Алиасқаровтан сұхбат алды. Концерт соңынан келген көрермендер алғыстарын айтып жатты. Мәдениет сарайы көрермен залы халыққа толы болды.
 
«Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтар клубы