Басы » Акимат » Мәдениет » «Шыдамдылық - асыл қасиет» атты әңгімелесу сағаты өткізілді
«Шыдамдылық - асыл қасиет» атты әңгімелесу сағаты өткізілді
Автор: Акимат
09-11-2018 16:20
«Шыдамдылық - асыл қасиет» атты әңгімелесу сағаты өткізілді
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде №47 мектептің оқушыларымен Халықаралық шыдамдылық (толерант) күніне орай «Шыдамдылық - асыл қасиет» атты әңгімелесу сағаты өтті. 
Шара басында кітапханашы жас ұрпаққа саналы білім беру және оларды төзімділік және келісім құндылықтарына тәрбиелеу - еліміздегі ұлттардың бірлігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі екенін атап өтті. Толерантты - яғни, төзімді адамның бойында қандай қасиеттер болу керектігін сипаттап, оны балаларға қарапайым тілмен түсінікті етіп жеткізуге тырысты. 
Бұдан әрі оқушылар мейірімділік және қайырымдылық туралы өлеңдерді тыңдап, қазіргі адамның өміріндегі толеранттылық ұғымының маңыздылығы туралы пікірлерін жеткізіп, өздері жасаған ізгі әрекеттер жайлы айтып берді. Сондай-ақ,  өздерінің қаншалықты төзімді екендіктерін кішігірім сынақ арқылы тексеріп,  тиісті қорытындылар жасады.
Соңында «Шыдамдылық - асыл қасиет» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
Қалалық орталық кітапхана