Басы » Акимат » Мәдениет » II-Республикалық "Жас толқын" байқауы
II-Республикалық "Жас толқын" байқауы
Автор: Акимат
09-11-2018 16:34
II-Республикалық
Елбасының "Рухани жаңғыру", "Туған жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Жас толқын" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және "Майра" продюссерлік орталығы, ҚР халық әртісі Майра Ильясованың қатысуымен 7-8 қараша (2018) күндері Қарағанды қаласында II-Республикалық "Жас толқын" балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқау өтті. Байқауда Қайнар мәдениет үйінің "Қайнар" халық ән-би ансамблінің әншісі Сұңғат Жексенбекұлы Рақышев вокал жанры бойынша Бас жүлдені, күй орындау шеберлігімен II-орынды иеленді. Сонымен бірге "Мейзек" үлгілі балалар ән-би ансамблінің әншісі Нұрдәулет Жанболатұлы Жеңісов ерекше орындаушылық шеберлігімен III-орынға ие болды. Дарынды болашақ өнер майталмандарын жоғары дәрежеде дайындаған, өскелең ұрпақты өнер шыңына жетелеудегі зор біліктілігі үшін "Шебер ұстаз" даңқы Мәдениет үйі қызметкері, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бисат Талғатұлы Шағыровқа ұсынылды.
 
Қайнар ауылдық мәдениет Үйі