Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Қылмыстың алдын алу және жолын кесу шарасы ретінде «Подутчетник» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы!
Қылмыстың алдын алу және жолын кесу шарасы ретінде «Подутчетник» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы!
Автор: Акимат
21-11-2018 16:21
Қылмыстың алдын алу және жолын кесу шарасы ретінде «Подутчетник» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы!
Қараша айының 12 мен 23 күндері Шығыс Қазақстан облысы аумағында  "Подутчетник" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы орын алды. Оның мақсаты пробация қызметінде есепте тұрған адамдар арасында қайталанған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, жазасын өтеу тәртібін бұзатын сотталғандарды анықтау болып табылады.
ҚР БП ҚСжАЕК "Web-интерфейс", "Ақпараттық сервис" және "СИОПСО" ҚР ІІМ іздеу жүйелері бойынша бас бостандығынан айырмай  жазасын өтеуден жалтарған сотталғандармен жұмыс жасау, ҚР ҰҚК "Бүркіт-мемлекеттік органның клиенті" бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтарды немесе уақтылы анықтауға, шалғайдағы учаскелерді, шаруа қожалықтарын, қыстауларды және оларда еңбек қызметін жүзеге асыратын тұлғаларды іздестіруде жүрген адамдардың тізімі бойынша тексеру, қайта құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар туралы жан-жақты ақпарат жинау, облыс соттарына жаза мерзімін ұзарту және бас бостандығынан айырумен жазаны ауыстыру туралы ұсынымдарды жіберу бойынша жұмыстарға аса насар аударылады.
Бүгінгі күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері бірқатар рейдтік іс-шаралар жүргізді, ойын-сауық орындарына, есепте тұрған қолайсыз адамдардың жиналатын орындарына барды. Тексеру барысында жазаны өтеу тәртібін бұзған төрт адам анықталды.  Жеке адамның объективті бағасын негізге ала отырып, аталған адамдар қайталап қылмыс жасауға бейім, жазаны өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзады, жазаны өтеу кезінде алкогольдік ішімдіктерді пайдаланады, соттың сенімін толық көлемде ақтамады. Осыған байланысты Семей қаласының № 2 сотына жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы 4 материал жолданды.
Пробация қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлерінен басқа іс-шараға халық және жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жұмысқа орналастыру және оқыту түрінде жұмысы жоқ жұмыссыз адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жоспарлануда.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, арнайы шаралар ғана белгілі бір дәрежеде қандай да бір құқық бұзушылық жасауға байланысты теріс процестерге ықпал етуге мүмкіндік береді. Осындай шаралардың бірі "Подучетник"жедел-алдын алу іс-шарасын жыл сайын өткізу болып табылады.
 
 
ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы Орталық ауданының
пробация қызметінің басшысы әділет майоры Е. Г. Сулейменов