Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Семей қаласы «Жұлдыздың Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күні» акциясына қосылды
Семей қаласы «Жұлдыздың Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күні» акциясына қосылды
Автор: Акимат
22-11-2018 14:51
Семей қаласы «Жұлдыздың Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күні» акциясына қосылды
Бүгін Семей қаласының №1 ХҚО-ында белгілі ақын, «Серпер» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ержан Жұмабек электрондық кезекке талон беріп, онлайн қызмет түрлерін алу үшін азаматтарға кеңестер берді. Ол осылайша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы республика көлемінде ұйымдастырып отырған «Жұлдыздың Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күн» акциясына ат салысты. 
Ержан Жұмабек қызмет алушылардың біріне тұтыну несиесін алу үшін анықтама ресімдеу барысында «ХҚО-ында жұмыс өте күрделі. Әр қызметті ұсыну кезінде тиісті стандарт талаптарын меңгерумен бірге мінезі ақжарқын, жан-жақты бейімді болуы қажет, себебі келетін қызметалушылар әртүрлі көңіл-күйде болады» - деді. 
Сонымен қатар, Ержан Жұмабек сапарға көп шығатын жандар үшін egov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу өте ыңғайлы екендігін атап өтті. Бұл дегеніңіз уақыт үнемдеуде таптырмас құрал. ЭЦҚ алсаңыз болғаны, кез-келген компьютерден қажетті анықтаманы алуға болатындығына тәнті болды. 
Сөз кезегінде айтарымыз Шығыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімдері 1,6 млн жуық мемлекеттік қызметті ұсынған, оның ішінде 400 мыңдайы Семей қаласында жүзеге асырылған. 
Бүгінгі таңда «Жұлдыздың Халыққа қызмет көрсету бойынша бөліміндегі бір күні» акциясына Қазақстанның 14 аймағы қатысқан.
 
 
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚШҚО филиалының
Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қалалық бөлімдері