Басы » Акимат » Хабарландыру » Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды
Автор: Акимат
27-11-2018 17:20
27.11.2018 ж.
 
Шығыс Қазақстан облысының «Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ, 071405  ШҚО, Семей қаласы, Кайым Мұхамедхановкөшесі 8, анықтама  үшін телефондар: 8(7222) 567134, «электрондық мекен жай адрес: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жалпы конкурс жариялайды:
 
1. «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маман – қала әкімі орынбасарының көмекшісі, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай  77452 теңгеден  99938 теңгеге дейін  (E-4) (1 бірлік) (1-7).
Функционалдық міндеттері: Білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаусаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің, қала әкімдігініңнормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімінің, қала әкімінің тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылау.  
Қала әкімі орынбасарының жеке қабылдауынұйымдастыру. Қала әкімі орынбасарының апталық және күнделікті жұмыс кестесін құру, шараларды әзірлеу және кестеге сәйкес өтуін қамтамасыз ету. Қала әкімі орынбасарының тапсырмаларын хаттамаландыру.  Құжаттардың қала әкіміне уақтылы қол қоюға ұсынылуын қамтамасыз ету. Қала әкімі орынбасарына ұсынылатын құжаттардың мерзімін, толықтығын, сапасын қамтамасыз ету. Қала әкімі орынбасарының кіріс хат-хабарларын талдау.
«ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу  бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ, «ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жұмыстарына  бақылау жүргізеді.
Қала әкімі орынбасарының ШҚО облыстық денсаулық сақтау басқармасының Семей қалалық бөлімімен, радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Семей қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық  бақылау бөлімімен, «ШҚО экология департаменті» ММ, ШҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінің еңбекті қорғау жөніндегі инспекциясымен, адам құқығын қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен, партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, ұлттық-мәдени орталықтармен, Жаңа тарих құжаттамалық орталығымен байланысын қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін бөлімдерге кеңестерді, сондай-ақ қалалық комиссиялар мен штабтардың және жұмыс топтарының мәжілісін өткізуге жәрдемдеседі.
Ұйымдастырушы – бөлімге кеңестерді, қалалық штабтардың, комиссиялар және жұмыс топтарының мәжілісін өткізуде және  хаттамасын әзірлеуде жәрдемдеседі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда рұқсат етіледі «Білім» (тарих, филология), «құқық», «әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. 
 
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «ШҚО Семей  қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қолма-қол тәртіпте, почта арқылы, sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
1) нысан бойынша өтініш (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы  21 ақпандағы № 40 бұйрығына 2-қосымша);
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы   № 40 бұйрығына 3-қосымшаға  сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.  
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның интернет-ресурсында жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 7 жұмыс күннің ішінде ШҚО Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі 8 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 2 жұмыс күннен кешіктірмей «ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұданәрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Егер конкурсқақа тысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар  Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Әңгімелесу өткізудің орны: «Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, ШҚО Семей қаласы, Қаймы Мұхамедханов көшесі 8.
Анықтама телефондары: 8(7222) 52-36-35, 56-71-34, e-mail: sh.edilbaeva@akimvko.gov.kz.