Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » «Семей - салауатты қала» акциясы өткізілді
«Семей - салауатты қала» акциясы өткізілді
Автор: Акимат
29-11-2018 14:43
 «Семей - салауатты қала» акциясы өткізілді
2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру мақсатында. 2018 жылдың 28 қарашасында  қаламыздың «Қазына» сауда ойын-сауық орталығында ауқымды республикалық «Семей - салауатты қала» акциясы өтті. Шараны Семей қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Шарипова Гүлнәр Айтмуханқызы және Семей қаласының әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар орталығының директоры  Соғымбай Олжас Амангельдыұлы ашты.
Акция Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Аралас типтегі № 6 емхана» ММ, «Семей қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК, Семей қаласының ЖИТС алдын алу және бақылау орталығы және Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы көмегімен өткізілді.
Акция шеңберінде сауда орталығының келушілері дәрігерлерден консультация алды, қан қысымын өлшеді, ДСӨ есептеуін жасады, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтады. Жедел жәрдем бригадасы жарақаттар мен жүрек-өкпе реанимациясына алғашқы көмек алгоритмдерін көрсетті. ЖИТС-ті алдын алу және бақылау орталығының дәрігерлері АҚТҚ-жұқпасының жедел сынақтарын ұйымдастырды.
Қаланың жас таланттары: №1 музыка мектебі, Семей қаласының спорт мектебі, «Elitemodels»  модельдік мектебі және «Шабыт» би мектебі өнер көрсетті. Көрермендер үшін «Салауатты өмір салты» атты викторина өткізілді, оның қатысушылары жүлделермен марапатталды.
«CӨСҚО» ММ директоры Мусинова Зауреш Бейсенқызы қатысушыларды естелік сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапаттады, сондай-ақ барлық қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға және өз денсаулығына үнемі көңіл бөлуге тілектестігін білдірді. Денсаулық - әрқайсысымыздың басты құндылығымыз екндігін айтып өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары тамаша көңіл-күйге бөленіп, денсаулықтарын нығайтты!
 
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»