Басы » Акимат » Қоғам » Қала жастары Тұңғыш Президент күнін атап өтті
Қала жастары Тұңғыш Президент күнін атап өтті
Автор: Акимат
04-12-2018 18:00
Қала жастары Тұңғыш Президент күнін атап өтті
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Семей қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының қатысуымен Орталық саябақта мерекелік концерт өтті. Бағдарлама бойынша әрбір оқу орнынан келген талантты жастар өздерінің мерекелік нөмерлерін ұсынды. Жастарға ұйымдастырушылар атынан 2019 Жастар жылына арналған күнтізбе тарту етілді. Күнтізбеде Елбасының бейнесі кескінделген. Және де қала жастары арнайы әзірленген инста-рамкаға естелік суретке түсті.
 
Жастар ресурстық орталығы