Басы » Акимат » Мәдениет » «Денім сау болсын десең» атты маманмен кездесу
«Денім сау болсын десең» атты маманмен кездесу
Автор: Акимат
05-12-2018 16:26
«Денім сау болсын десең» атты маманмен кездесу
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жас ұрпақты салауатты өмір сүруге  насихаттау мақсатында №34 мектептің 7 сынып оқушыларымен «Денім сау болсын десең» атты маманмен кездесу өтті.
Шара басында кітапханашы  жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту қазіргі заманғы ең маңызды және күрделі міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті. Жынысы мен жасына қарамайтын, шексіз, үрейлі, жантүршігерлік СПИД дерті туралы жан-жақты әңгімелеп, қатысушылардың назарын ерекше аударды.
Шараны жалғастырған дәрігер-маман М.М. Ахметбекова, ғаламдық мәселеге айналған бұл індеттің өзектілігі мен жан түршігерлік салдарын статистикалық деректермен растап  берді. 
Шара барысында студенттер қызықты әрі өте пайдалы ақпараттар алды. Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайы туралы білді, сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Олар сұрақтарды талқылау барысында тек қана білімдарлықтарын көрсетіп қоймай, сана мен түсініктерінің жоғары деңгейде екенін байқатты.
Шараның жалғасында қатысушылардың назарына   «ЖҚТБ және оның алдын алу» атты бейнефильм және  «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз» атты слайд-тұсаукесері ұсынылды.
Соңында «ЖҚТБ - ғасыр індеті» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
 
 
Қалалық орталық кітапхана