Басы » Акимат » Мәдениет » «Жазушы. Журналист. Аудармашы» атты өлкетану сабағы өтті
«Жазушы. Журналист. Аудармашы» атты өлкетану сабағы өтті
Автор: Акимат
06-12-2018 15:42
«Жазушы. Журналист. Аудармашы» атты өлкетану сабағы өтті
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өлкетану әдебиетін насихаттау,  жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында №32 мектептің 6 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен Жекен Жұмахановтың 105 жылдығына арналған «Жазушы. Журналист. Аудармашы» атты өлкетану сабағы өтті. 
Сабақ басында жазушының өмірбаянынан біраз деректер ұсынылып, оқушылар 1913 жылы Абай ауданының Қарауыл ауылында  дүниеге келген  Жекен Жұмаханов жайлы ақпараттар алды. Жазушының  Семей қаласында  мұғалім болып жұмыс атқарғаны, журналист мамандығын алған соң өзінің бар білімін, тәжірибесін, журналистік қабілетін Қазақстанның әртүрлі басылымдарына қызмет етуге арнағаны, сондай-ақ, «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлер бөлімінде қызмет еткендігі жайлы егжей-тегжей баяндалды. 
Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері, саяси жетекші Жекен Жұмаханов – «Суворовец» атты майдан газетінің тілшісі  болғаны жайлы айтылды. 
Бұдан әрі кітапханашы қатысушыларды жазушының шығармашылығымен таныстырды. Шығармаларының тақырыбы негізінен соғыс, майдангерлер ерлігіне арналғанын, Отанына, туғандарына деген сүйіспеншілікке, адалдыққа толы болғанын тілге тиек етті. 
Өлкетану сабағы барысында «Ақ бидай», «Қаракөз қарындасым», «Солдат жолы» шығармаларынан үзінділер  оқылып, оқырмандар назарына «Жекен Жұмахановқа – 100  жыл» атты бейнефильм ұсынылды. 
Соңында «Жерлес жазушылар» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. 
 
 
Қалалық орталық кітапхана