Басы » Акимат » Мәдениет » «Бояулардың сиқырлы әлемі» атты шығармашылық сабақ
«Бояулардың сиқырлы әлемі» атты шығармашылық сабақ
Автор: Акимат
09-01-2019 11:39
«Бояулардың сиқырлы әлемі» атты шығармашылық сабақ
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Арнайы қызмет көрсету орталығы» КММ-не қарасты мүмкіндігі шектеулі балалармен «Бояулардың сиқырлы әлемі» атты шығармашылық сабақ өтті. 
Шара басында кітапханашы балаларға түстер жайлы жалпы түсінік беру үшін бояулардың сиқырлы әлеміне тоқталып, әңгіме жүргізді. 
Балалар түстердің екі топқа бөлінетінін, жылы түстерге - қызыл, сары, қызғылт сары, қоңыр, ал суық түстерге – көк, күлгін, сия көк, көгілдір, жасыл түс жататынын біліп, танысты. Сондай-ақ түрлі түстердің қалай қолданылатыны жайлы ақпарат алды. 
Шығармашылық сабақ барысында балалар көрнекі құралдармен тәжірибе жасап, дәстүрден тыс алақан  арқылы және тіс тазалағыш таяқшамен ғажайып сурет салды. Шара соңында балалар салған  суреттерден  көрме ұйымдастырылды.  
 
Қалалық орталық кітапхана