Басы » Акимат » Қоғам » Студенттерге арналған дәріс :«Сот төрелігінің жеті түйіні» призмасы арқылы сот жүйесін жаңғырту»
Студенттерге арналған дәріс :«Сот төрелігінің жеті түйіні» призмасы арқылы сот жүйесін жаңғырту»
Автор: Акимат
15-03-2019 12:16
Студенттерге арналған дәріс :«Сот төрелігінің жеті түйіні» призмасы арқылы сот жүйесін жаңғырту»
Елбасы жариялаған жастар жылы және «Шығыс - адалдық алаңы»  жобасының шеңберінде ШҚО бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Е.О.Айтпай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттер арасында «Сот төрелігінің жеті түйіні» призмасы арқылы сот жүйесін жаңғырту» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс аясында заң мамандығының студенттері мен оқытушылары соттарда Жоғарғы Соттың пилоттық жобалардың іске асырылу барысы туралы білді: «Үлгілі сот», «Отбасы сот», «Татуласу: сотқа дейін, сотта», «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Smart сот». Атап айтқанда, Е.О. Айтпай сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын реттеуге бағытталған «Судья көмекшісі» пилоттық жобасының жұмысын атап өтті. 
Соңында, студенттер баяндамашыға мазмұнды және қызықты дәріс үшін алғыстарын білдірді.
 
 
 
 
Семей қалалық сотының 
баспасөз қызметі