Басы » Акимат » Спорт » Жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары арасындағы шахматтан қалалық жекелей чемпионаты
Жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары арасындағы шахматтан қалалық жекелей чемпионаты
Автор: Акимат
29-03-2019 12:06
Жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары арасындағы шахматтан қалалық жекелей чемпионаты
2019 жылдың 28-30 наурыз күндері аралығында «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК – ның №2 корпусында Жастар жылына арналған Семей қаласы жалпы білім беру орта мектептерінің оқушылары арасындағы шахматтан қалалық жекелей чемпионаты өткізілді.
Жарысқа қатысушылар 4 жас ерекшеліктерімен бөлініп сайысқа түсті. 
Жарыстың басты мақсаттары:
-Мектеп оқушылары арасында шахматты насихаттау және дамыту;
-Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-Спорттық разрядтарды орындау.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен медальдарымен марапатталды.
 
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі