Басы » Акимат » Экономика және бизнес » Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау
Автор: Акимат
23-04-2019 15:37
Негiзгi капиталға инвестиция жұмсау
2019 жылғы қаңтар-наурызда (қосымша бағалауды есепке алғанда) негiзгi капиталдың инвестиция көлемі 14533,1 млн. теңгені, 2018 жылдың қаңтар-наурызындағы деңгейіне 127,4%-ды құрады.
Инвестицияның негізгі бөлiгi (78,1%-ы) үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жумыстарында қолданылды.
Жылдың басынан іске қосылған негізгі қорлар 7040,2 млн. теңгенi құрады, олардың 3219,0 млн. теңге (45,7%)  – өнеркәсіп саласында, 2843,0 млн. теңге (40,4%) – жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, 652,7 млн. теңге (9,3%) – әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында, 161,8 млн. теңге (2,3%) – көтерме және бөлшек саудада, 49,1 млн. теңге (0,7%) – қаржы және сақтандыру қызметінде, 25,1 млн. теңге (0,3%) – ақпарат және байланыс саласында, 23,0 млн. теңге (0,3%) – білім беру жүйесінде, 19,4 млн. теңге (0,3%) – денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде, 16,5 млн. теңге (0,2%) – көсіби, ғылыми және техникалық қызметте, 11,9 млн. теңге (0,2%) – көлік және қоймалау, 11,4млн. тенге(0,2%) - құрылыс саласында, 6,6 млн.тенге (0,1%) – ауыл, орман және балык шаруашылығында.
 
 
Семей қаласаның Cтатистика басқармасы