Құрылыс
Автор: Акимат
23-04-2019 15:43
Құрылыс
Құрылыс қызметі. 2019 жылғы қаңтар-наурызында құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі қосымша бағалауды есепке алғанда 6 105,7 млн. теңгені құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-наурызындағы деңгейден 5,7 % аз. 
Мердiгерлiк жұмыстардың құрылымында 94,0% – құрылыс-монтаж жұмыстары, 2,0% – күрделі жөндеу.
Объектілер мен қуаттарды іске қосу. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында қалада тұрғызылған тұрғын үйлердің жалпы аумағы 25844ш. метрді құрады.
Тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үй құрылысына 2880,2 млн. теңгенің инвестициясы жұмсалды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 233,3% құрады.
Жылдың басынан 25844 ш. метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйлерді салу мемлекеттік және мемлекеттік емес секторының субъектілерімен (жеке құрылыс салушылармен) жүргізілді.
 
Семей қаласаның Cтатистика басқармасы