Басы » Акимат » Спорт » Қалалық мәслихат депутатының кубогы
Қалалық мәслихат депутатының кубогы
Автор: Акимат
23-04-2019 17:01
Қалалық мәслихат депутатының кубогы
2019 жылы 20 сәуірде Шүлбі кентінде қала мәслихатының депутаты Талғат Булатұлы Баймуриновтың Кубогы үшін ауылдық округ жастары арасында баскетболдан І аймақтық жарыс өтті. 
Жарыс ұйымдастырушылары «ШҚО Семей қаласының Шульбинск кенті әкімінің аппараты» ММ, қала мәслихатының депутаты Талғат Булатұлы Баймуриновтың қолдауымен. 
Жарысқа 8 команда қатысты, олар Бұлақ, Ново-Баженова, Приречный ауылдық округі, Прииртышский ауылдық округі, Мұқыр, Қайнар ауылы, Шүлбі кенті, Бородулиха ауданы. Жарыстың негізгі мақсаты мен міндеті салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға баулу, дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, ауылдық округтер арасында достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.  
Жарыстың салтанатты ашылуында Шүлбі кенті әкімінің м. а. Болатбек Жұмаділов пен мәслихат депутаты Талғат Баймуринов сөз сөйлеп, барлық спортшыларды құттықтады, сондай-ақ барлық қатысушыларды жыл мерекесімен құттықтап, барлық командаларға жеңіс тіледі. Шүлбі кентінің шығармашылық ұжымдары мерекені әсерлі бимен және әдемі әндермен безендірді.  
Жарыстың бас төрешісі Дархан Исмурзиннің стартымен, жүлделі орын үшін әдемі және табан тірескен күрес басталды. Ең жақсы нәтижелерді Қайнар ауылының спортшылары көрсетті, олар бас жүлдені - мәслихат депутатының ауыспалы Кубогын жеңіп алып, сонымен бірге бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Шүлбі кентінің командасы және үшінші орынды Бородулиха ауданының спортшылары иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және кубоктармен марапатталды. 1,2,3 орын алған командалар әртүрлі номинациялар бойынша грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды. 
 
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты