Басы » Акимат » Спорт » Жастар жылына арналған жекпе-жектен ашық қала чемпионаты
Жастар жылына арналған жекпе-жектен ашық қала чемпионаты
Автор: Акимат
02-05-2019 16:44
Жастар жылына арналған жекпе-жектен  ашық қала чемпионаты
2019 жылдың 1 мамыр күні  «Тарлан»  спорт кешенінде жастар жылына арналған жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Семей қаласының Ашық чемпионаты өткізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен медальдарымен марапатталды.
Жарыстың мақсаттары:
-Семей қаласының ұлттық спорт түрлерін дамыту;
-Салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
-Қалада жекпе-жек ұлттық спорт түрін өркендету, оны ұлттық идеяға жеткізу;
-Спортшылар мен жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасу.
 
 
Дене шынықтыру және спорт  бөлімі