Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Жіті инфаркт пен жіті инсульттің алдын алу
Жіті инфаркт пен жіті инсульттің алдын алу
Автор: Акимат
06-05-2019 10:26
Жіті инфаркт пен жіті инсульттің алдын алу
Жіті инфаркт пен жіті инсульттің алдын алу
 
Инсульт – ми тамырларының зақымдалуымен мидағы қанайналымының жіті бұзылуы (мқжб). Жіті инсульттің даму белгілері:
Беттің жарты бөлігінің жансыздануы және жымиюдың симметриялы болмауы;
Қол мен аяқтың немесе бір жақ дененің әлсізденую және жансыздануы, жүрістің бұзылуы;
Сөздің анық болмауы;
Кенеттен бастың ауруының пайда болуы;
Көздің көруінің нашарлауы;
Ұйқының келуі;
103 – жедел медициналық көмек бригадасын шақыру қажет !
Жедел жәрдем келгенше:
Мойыны бүгіліп, қанның ағысының нашарламауы үшін бас пен иықты жастыққа қойып науқасты көлденеңінен жатқызу керек;
Тыныс алуды қиындататын киімнің алдын ашып, таза ауының келуіне ықпал ету керек;
Тіссауыты алып тастау қажет;
Егер науқас құсып жатса, басын бір жаққа қисайтып, құсықтың тыныс алу жолына кетпеуі және тілдің артқа кетпеуі үшін құсықты шығару керек;
ЖІТІ КОРОНАРЛЫҚ СИНДРОМ – жүректі қанмен қамтамасыз етудің жіті бұзылуы. Жіті инфаркттың даму белгілері:
Тыныштыққа кеуденің немесе сол жақ кеуденің сол иыққа, қолға, мойын мен төменгі жаққа беріліп, жауырынаралығының, құрсақ жақтың 20 минуттан аса ұзақ қысылып ауыруы.
103 – жедел медициналық көмек бригадасын шақыру қажет !
Бастапқы белгілер пайда болған алғашқы сағат маңызды !!!
 
Жедел жәрдем келгенше, егер  кеуденің ауруы 20 минуттан асса, дене жүктемесін тоқтатып, 150-300 мг аспиринді шайнап жеу және артериялық қан қысым сынап бағанасынан кемінде 90 мм болған жағдайда тілдің астына нитроглицерин қою қажет.
ЖІТІ ИНФАРКТ ПЕН ИНСУЛЬТТІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ҚАУІПТІ ФАКТОРЛАР:
Темекі шегу;
Алкогольді ішімдікті шамадан тыс тұтыну;
Дұрыс тамақтанбау;
Төмен дене белсенділігі; 
Жоғары артериялық қысым;
Қан құрамындағы холестерин деңгейінің жоғары болуы;
Артық дене салмағы, семіздік; 
Қан құрамындағы қант мөлшерінің жоғары болуы;
Күйзеліс; 
Инфаркт пен инсульттің дамуының алдын алып, өмір сапасын жақсартып және өмір жасын ұзартасыз.
Артериялық қан қысымыңызды бақылауда ұстаңыз;
Дене салмағын бақылаңыз; 
Қан құрамындағы қанттың мөлшерін бақылаңыз;
Қан құрамындағы холестерин деңгейін бақылаңыз;
Өмір салтын өзгертіп – темекіден бас тартыңыз, күніне кемінде 30 минут дене белсенділігімен айналысыңыз, күнделікті жеміс пен көкөністі тұтыныңыз, ас үлесінде тұз, май мен қанттың болуын шектеңіз.
ӨЗІҢІЗ ТІРКЕЛГЕН ЕМХАНАДАН СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУ ДЕН ӨТІҢІЗ !
 
 
 
 
"Семей қаласының салауатты өмір салтын
қалыптастыру проблемалары орталығы"
Медициналық мекемесі