Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Бізбен-мәңгілік полк
Бізбен-мәңгілік полк
Автор: Акимат
14-05-2019 15:01
Бізбен-мәңгілік полк
2019 жылы 7 мамырда кент алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өткізіліп, іс-шараның соңында би кеші ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 70-ке жуық адам қатысты. 
2019 жылдың 8 мамыр күні Шульбинск кенті әкімшілігінің акт залында Ұлы Жеңіске арналған мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік концертке тыл еңбекерлері мен  интернационалист жауынгерлер шақырылды. Әрбір қатысушыға және тыл еңбеккерлеріне кент әкімінің м.а. құттықтау қағазы табысталды және «СЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС демеушілік көмегі есебінде сыйлықтар берілді.Сонымен қатар, «Исток» АҚ арқылы қызмет алатын тыл еңбеккерлеріне де азық-түліктермен сыйлық  пакеттер берілді.         
2019 жылдың 9 мамыр күні Шульбинск кентінде мәңгілік полк жолға шықты. Соғыс тыл еңбеккерлері, Новобаженово ауылы және Шульбинск кентінің мектеп оқушылары, жастар Ұлы Отан соғысының жауынгер ардагерлерінің, ет бауыр жақындарының портреттерін қолыдарына ұстап, қатарға тізіліп мектеп оқушылары мен ұстаздарының көмегімен ұйымдастырылған тірі дәліз арқылы, Новобаженово ауылының мәдени демалыс саябағында орналасқан даңқ ескеркішіне қарай бірлесе жол тарты.  
Жиналғандар алдында Новобаженово ауылының әкімі Умертаев Кенжетай және Шульбинск кенті әкімінің м.а. Джумадилов Болатбек Ермухаметович, ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бейсенбек Жумашевич соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ауылдық клубпен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Гүлдерден өрілген шеңберлер, салтанатты түрде даңқ ескеркішінің соғыс батырларына арналып қойылды.
Біз жауынгерлерге мәңгі құрмет көрсетіп, бізге бейбітшілік әкелген адамдарды, өткен соғыс сарбаздарын есте сақтаймыз! 
   
 
 
Шульбинск кенті әкімінің аппараты