Басы » Акимат » Қаланың басқа жаңалықтары » Шығыс Қазақстан облысында "Шартты сотталған" атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді
Шығыс Қазақстан облысында "Шартты сотталған" атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді
Автор: Акимат
15-05-2019 11:38
Шығыс Қазақстан облысында
Ағымдағы жылдың 14-18 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметінде есепте тұрған бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталап қылмыстардың алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Шартты сотталған"жедел алдын алу іс - шарасы өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 18.08.2014 жылғы № 517 "Пробация қызметі мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылау бойынша полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл ережесі" бұйрығына сәйкес, "Шартты сотталған" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде, Әуезов ПБ жергілікті полиция қызметі мен Семей қаласының Әуезов аудандық пробация қызметінің бірлескен іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Осы іс-шараның негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамнан оқшаулаусыз сотталған адамдар тарапынан қайта қылмыс жасауға жол бермеу, сондай-ақ пробация қызметінің бақылауынан жасырынған және жалтарған сотталғандардың осы орналасқан жерін анықтау болып табылады.
Іздестіру жарияланған адамдардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ есепке алынған адамдардың мінез-құлқын бақылауды күшейту үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Семей қаласы Әуезов ауданы пробация қызметінің және ШҚО ІІД Семей қаласы ІІБ Әуезов полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен тұратын мобильдік топтар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шетелге рұқсатсыз шығу, уәкілетті органды хабардар етпестен ел ішінде ауыстыру, қайта қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау және тиісті шаралар қабылдау сияқты сотталғандар арасында құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау үшін пробация қызметінің есебінде тұрған есепке алынған адамдар "Web-интерфейс", "Ақпараттық сервис", "ҚР БП ҚСжАЕК" деректер базасы, ҚР ҰҚК "Мемлекеттік органдардың Бүркіт-клиенті" бірыңғай ақпараттық жүйесі және ІІО-ның басқа да есептері бойынша тексерілді.
 
 
 
 
ШҚО бойынша ҚАЖД Семей қаласы 
Әуезов ауданының пробация қызметі