Басы » Акимат » ТКШ, сәулет және құрылыс » Семей қаласы Сауда және қызмет көрсету 2019 жылғы қаңтар-сәуір
Семей қаласы Сауда және қызмет көрсету 2019 жылғы қаңтар-сәуір
Автор: Акимат
23-05-2019 11:00
Семей қаласы Сауда және қызмет көрсету  2019 жылғы қаңтар-сәуір
2019 жылдың қаңтар-сәуірінде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі жедел деректер бойынша 68016,8 млн. теңгені құрады, соның iшiнде сауда кәсіпорындарымен 13368,3млн. теңгенің, жеке кәсіпкерлермен, соның ішінде базарларда сауда жасайтындар – 54648,5 млн. теңгенің тұтыну тауарлары сатылды.
2018 жылдың қаңтар-сәуіріне қатысты алғанда барлық өткізу желілері бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі қолданыстағы бағамен 13,5%-ға, салыстырмалы бағамен 6,6%-ға көбейді.
Облыс бойынша бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің 24,7%-ы Семей қаласының кәсiпорындары мен жеке тұлғаларының үлесiне тиедi.
Қаланың көтерме сауда кәсiпорындарымен биылғы жылдың қаңтар-сәуірінде 41033,2 млн. теңгенiң тауары өткiзілдi, немесе 2018 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда қолданыстағы бағамен 4,1%-ға көп.
 
 
 
Семей қаласаның Cтатистика басқармасы