Басы » Акимат » Денсаулық сақтау » Біз денсаулықты таңдаймыз
Біз денсаулықты таңдаймыз
Автор: Акимат
03-06-2019 16:16
Біз денсаулықты таңдаймыз
Шараны Шығыс-Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Мукашев Бауыржан Жомартович ашты.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы тапсырманы орындау үшін, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін  енгізу бойынша Бірыңғай коммуникациялық жоспарды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 31 мамырында қаламыздың «Қазына» сауда ойын-сауық орталығында ауқымды «Біз денсаулықты таңдаймыз!» акциясы өтті. Акция Семей қаласының Денсаулық сақтау басқармасы,  «Аралас типтегі № 6 емхана» ММ, «Семей қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК, Семей қаласының ЖИТС алдын алу және бақылау орталығы және Семей қаласының жедел медициналық жәрдем станциясы көмегімен өткізілді.
Акция шеңберінде сауда орталығының келушілері дәрігерлерден консультация алды, қан қысымын өлшеді, ДСӨ есептеуін жасады, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтады. Жедел жәрдем бригадасы жарақаттар мен жүрек-өкпе реанимациясына алғашқы көмек алгоритмдерін көрсетті. ЖИТС-ті алдын алу және бақылау орталығының дәрігерлері АҚТҚ-жұқпасының жедел сынақтарын ұйымдастырды.
Қаланың жас таланттары: №1 музыка мектебі, Семей қаласының спорт мектебі, «Elitemodels» модельдік мектебі және «Шабыт» би мектебі өнер көрсетті. Көрермендер үшін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» атты викторина өткізілді, оның қатысушылары жүлделермен марапатталды. Шығыс-Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Темірбек Аяла Арманқызы қатысушыларды естелік сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапаттады, сондай-ақ барлық қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға және өз денсаулығына үнемі көңіл бөлуге тілектестігін білдірді. Денсаулық - әрқайсысымыздың басты құндылығымыз екндігін айтып өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары тамаша көңіл-күйге бөленіп, денсаулықтарын нығайтты!
 
 
 
 
«Шығыс-Қазақстан облысының
салауатты өмір салтын
қалыптастыру орталығы»