Басы » Акимат » Қоғам » Қайырымдылық сөресі акциясы ұйымдастырылды
Қайырымдылық сөресі акциясы ұйымдастырылды
Автор: Акимат
03-06-2019 16:24
Қайырымдылық сөресі  акциясы ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Семей қаласының орталық пробация қызметі және «Alem Space» қайырымдылық қорының қолдау көрсетуімен  «жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Қайырымдылық сөресі»  науқаны өткізілді. Науқан 1 –маусым балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Шара барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды киім-кешектермен қамтамасыз ету ісіне жәрдемдесті. Сондай-ақ балаларға тәттілер таратылып,  түрлі ойындар ойнатылды.
 
 
 
Жастар Ресурстық Орталығы