Басы » Акимат » Қоғам » «Менің Қазақстаным!» патриоттар форумы
«Менің Қазақстаным!» патриоттар форумы
Автор: Акимат
05-06-2019 10:19
«Менің Қазақстаным!» патриоттар форумы
Қаламызда ішкі саясат бөлімінің жастар жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Менің Қазақстаным!» атты патриоттар форумы ұйымдастырылды. Форум қаланың сол жағалауынан мемлекеттік тулармен безендірілген авто-мото және велошерумен басталып, Орталық алаңдағы салтанатты кешпен жалғасты. Шеруге 25 автокөлік, 5 мотобайкер, 100-ге жуық велошабандоздар және 1000-ға жуық қала жастары қатысты. Форумды қала әкімінің орынбасары А. Садырбаев салтанатты түрде ашып, мемлекеттік рәміздерімізді халықаралық дәрежеде насихаттап жүрген спортшыларымыз А. Нұғымаров, Е. Ахмадиев, Е. Қажыбаев жерлестерді айтулы мерекемен құттықтады. Шара соңы мерекелік концертке ұласты. 
 
 
 
Жастар Ресурстық Орталығы