Басы » Акимат » Спорт » «Ізгі істер» шаралар жоспары аясындағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы қалалық спартакиада
«Ізгі істер» шаралар жоспары аясындағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы қалалық спартакиада
Автор: Акимат
17-06-2019 17:34
«Ізгі істер» шаралар жоспары аясындағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы қалалық спартакиада
Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында 2019 жылы 15 маусымда «Спартак» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың алты түрі бойынша қалалық спартакиада өтті: мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика, гір спорты, арқан тарту. Спартакиадаға қаланың әр түрлі мемлекеттік органдарының 17-ден астам командасы қатысты. 
Спартакиаданың қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
I орын - Семей қаласы бойынша ҰҚКД басқармасы;
II орын – «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы;
III орын - Семей қаласы бойынша полиция басқармасы.
Спорт түрлерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен, медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.
 
 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі