Басы » Акимат » Хабарландыру » Семей қ. ТЖ Басқармасы 2019 жылы 9 шілдеде сағат 9-дан 10-ға дейін телерадио арналарын ұстаумен электросиренаны іске қосу арқылы хабарлау жүйесін жоспарлы тексеру жүргізілетіндігін еске салады
Семей қ. ТЖ Басқармасы 2019 жылы 9 шілдеде сағат 9-дан 10-ға дейін телерадио арналарын ұстаумен электросиренаны іске қосу арқылы хабарлау жүйесін жоспарлы тексеру жүргізілетіндігін еске салады
Автор: Акимат
05-07-2019 11:12
Семей қ. ТЖ Басқармасы 2019 жылы 9 шілдеде сағат 9-дан 10-ға дейін телерадио арналарын ұстаумен электросиренаны іске қосу арқылы хабарлау жүйесін жоспарлы тексеру жүргізілетіндігін еске салады.        
Еске сала кетейік, төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі немесе туындауы кезінде халықтың назарын аудару үшін электросиреналар немесе басқа да сигналдық құралдар қосылады,бұл «Назар аударыңыз!» бірыңғай хабарландыру дабылын беруді білдіреді. 
 
Бұл дабыл бойынша не істеу керек?
Егер Сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаныз және сиренаның дауысын естісеңіз,яғни дыбыстық дабыл «Назар аударыңыз», шұғыл түрде радио қосыңыз(ұялы телефон арқылы) «Қазақ радиосы» 104.0 жиілігінде.
 Дабылды үйде естісеңіз, теледидарды жергілікті арналарға қосыңыз: «Хабар», «31 канал», «КТК», «Казахстан» сондай-ақ ақпаратты мұқият тыңдаңыз. 
Барлық ересек адамдардың өздері меңгерулері қажет және балаларға сиренаның дауысы - бұл «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ» дабылы екенін түсіндірулері қажет. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, оның себебін түсіндірілуін күту керек. Подъздегі және тұрғылықты жердегі көршілерді құлақтандырыңыз, мүмкін олар берілетін ақпарат туралы естіген жоқ.  Үрей мен қауесеттің кез келген көріністерін дереу тоқтатыңыз.
Жаттығу дабылдарына түсіністікпен қарау керек және келтірілген ұсыныстарды негізге ала отырып, міндетті түрде өзін өзі жаттықтыру қажет.  
 
 
 
ШҚО ТЖД Семей