Басы » Акимат » Қоғам » Құрметті семейліктер және қала қонақтары!
Құрметті семейліктер және қала қонақтары!
Автор: Акимат
05-07-2019 17:57
Құрметті семейліктер және қала қонақтары!
Құрметті семейліктер және қала қонақтары!
 
Егемен  еліміздің елордасы  “Мәңгілік Ел” идеясының басты құндылығы және асыл тұғыры. Жаңа сипатта жарқырай түскен елорда өзіне тән ерекшелікпен Еуразия кеңістігіндегі ең беделді  қалалар қатарында және  барша отандастарымыздың ортақ мақтанышы. Экономикалық және саяси дамудың, маңызды жаһандық бастамалардың алаңы ретінде танылды. Халықаралық деңгейдегі өзекті басқосулардың ұйытқысы болды. 
Елбасы мен елорда - егіз ұғым ретінде ел дамуының алғышарты болып қалыптасты және мемлекетіміздің әлем алдындағы танымалдылығын арттырып, халықаралық беделін айқындай түсті. 
Елордамызға алыс-жақыннан көз тіккен көпшіліктің көңілі қанаттанып, мемлекетіміздің кемелдене түскеніне және  көз тартар көркем, ғажайып ғимараттар мен мәдениеттер тоғысқан  орталық   болғанына куә  болады.
Отанымыздың гүлденіп, Нұр-Сұлтан қаласының жайнап, көркейе түсуі ынтымағы жарасқан, еңбекқор халқымыздың шынайы тілеуінің жемісі деп білеміз.  
 
 
Құрметті жерлестер! 
 
Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, бақыт пен береке тілейміз!
Елорданың абыройы асқақ, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
 
 
 
 
Құрметпен,
Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов
Семей қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов