Басы » Акимат » Қоғам » Семейде «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті
Семейде «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті
Автор: Акимат
09-07-2019 10:24
Семейде «OPEN AIR-2019» жастар фестивалі өтті
Қаламызда «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мемлекетік тапсырысымен  және «Шығыс Жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастар фестивалі өтті.  Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы күніне және Ұлттық Домбыра күні аясында  «OPEN AIR-2019» жастар фестиваліне 2000- жуық қала тұрғыны қатысты.  Шара бірнеше бағытты қамтыды. Қатысушылар Ертістің оң жағалауынан 750 метр қашықтықта  200 кг шашылған түрлі-түсті бояулар шеруінде жүгіріп өтті.  Сонымен қатар, Домбыра Party, Асық Party, Urban Dance, Water party, Street Workout алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік концерт жүргізілді. Шара барысында фестивальге қатысушыларға арнайы нөмерлер  беріліп, сол нөмерлер арқылы ұтыс ойындары ойнатылды. Қатысушыларға 1000-астам тегін балмұздақ пен 1500-жуық сусын таратылды.
 
 
 
Жастар ресурстық орталығы